Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақ кептер» Ә. Шынбатыров

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: « Ақ кептер» Ә. Шынбатыров
Мақсаты:
А) Білімділігі: Түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, мәтіннің мазмұнын ашу, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Ә) Дамытушылығы: Мәтінді оқи отырып, тіл байлығын дамыту, бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.
Б) тәрбиелілігі: Оқушыларды қатыгездіктен бойларын аулақ ұстауға, мейірімділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, құстарға, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой - қозғау, көрнекілік
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Көрнекілігі: Слайдтар
Пәнаралық байланыс: Өзін – өзі тану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Қайырымдылық» әңгімесінің мазмұнын сұрау
Осы әңгіменің негізгі кейіпкерлерін атау
Сәулет пен Келбет, Қарлығаш
Әр кейіпкерге мінездеме беру.
Сәулет пен Келбет қайырымды, ұқыпты, тәртіпті, ақылды
Қарлығаш - мейірімді, байсалды, адамға дос

ІІІ Жаңа сабақ
1.«Жүректен - жүрекке»
- Балалар, біздің жүрегіміз таза, періштедей пәк. Әркімнің жүрегінде ұялаған бір қасиет болады. Ендеше сол қасиетімізді досымызға тілейікші:
- Қайырымды бол
- Мейірімді бол
- Ақылды бол
- ізеттілік тілеймін
- инабаттылық тілеймін
2. «Көзбен көр, сөзбен өр» сурет бойынша әңгіме
3. Сөзжұмбақ шешу.
аға
қоңыз
көкек
екі
парта
төрт
елу
радио
1. Туыстық атау
2. Ұшқанда өлең айтады
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көрші
Шешуін кім табады?
(қоңыз)
3. Қайталап атымды,
Көктемде ән салам
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын.
(көкек)
4. Нашар баға
5. Мектеп мүлкі
6. Математикадағы жұп сан
7. Ел – құлағы....
8. Бір бұлбұл отырады салып әнді
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды
Өнері қандай асқан деп ойлаймын.
Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.
(радио)
4. Автор туралы мәлімет беру
5. Оқулықпен жұмыс

6. Сөздік жұмыс
7. «Нақты сұрақ – дәл жауап»
- Еркін неге кешікті?
- Әжесі Еркінге неліктен риза болды?
- Еркін кептерді қалай күтті?
- Әжесінің ойын қалай түсіндіруге болады?
- Еркінге мінездеме беру

«Ұя құрастыру ойыны»
Жұмбақ шешу
1. «Бейбітшілік құсы» деп
Атайды оны барша жұрт.

2. Садақша мойынын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп
Жүзген көлдің сән өзі
Жердегі құстың еркесі.
(аққу)
3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай.
(қарлығаш)
4. Балпаң - балпаң басады.
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы
Қыста жылыға қашады.
(қаз)
5. Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш
Қарап тұрсаң керуен
Жасағаны серуен
(тырна)
6. Жайнаған бақтың әншісі
Тамсанған оған сан кісі
(бұлбұл)

Шығармашылық тапсырма
1. «Құстар біздің досымыз» тақырыпта әңгімелеу
2. 5 жолды өлең құрастыру
3. Топтастыру
«Мен жақсы бала болу үшін қандай болуым керек?» күн тармақтарына өзіміздің жақсы бала болуға керекті қасиетімізді толтыру

ІҮ. Қорытынды
«Кубизм»стратегиясы
1. Қандай әңгімемен таныстық?
2. Мәтін авторы кім?
3. Мәтін не туралы?
4. Мәтінді рөлге бөліп оқу
5. Қайырымдылық әңгімесімен салыстыру

Салыстыру кестесі

Әңгімеден алған әсер
«Қоржынға» керекті сөздерді салу

V. Үйге тапсырма: Мазмұнын айту
VІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағазбен марапаттау
5 566
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Ә. Шынбатыров «Ақ кептер»
Ә. Шынбатыров «Ақ кептер»
Кептердің түрлері туралы түсінік беру, әңгіменің мазмұнына сыни көзқарасты ояту. Мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету. Ойларын еркін жеткізуге жетелеу.
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×