Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. 27+36 және 63 - 27 жағдайындағы қосу мен азайту 4 сынып
2. Қызықты баспалдақтар 1 сынып
3. Сандар қатары
4. Жалқы есім және жалпы есім


Сабақтың тақырыбы: 27+36 және 63 - 27 жағдайындағы қосу мен азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін беру, санның құрамы, амалдардың қасиеттері, сәйкес екі таңбалы сандарға амалдар жұргізу тәсілдерін қолдану арқылы есептер шығарту.
2. Ауызша екі таңбалы сандарды қосу және амал пайдалану ерекшеліктерін жете меңгерту және дамыту, жазбаша қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыра отырып өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту.
3. Өз бетімен жұмыс жасай отырып, еңбектенуге, өзінің, өзгенің еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ (Берілген сағат саны - 1 сағат)
Пайдаланылған құрал - жабдықтар: 1. Графопроектор, могнитофон.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, суреттер, қиықшалар, деңгейлік тапсырма

Мұғалім қызметі
Ұлттық санамақ арқылы ауызша есептеу жұмысын жүргізіпғ сабаққа дайындық жасалады.
1. Математикалық өрнек дегеніміз не?
- мына өрнектерді ата
(қиықшамен көрсетіледі)
27 - 5> 12+6
X+43= 63
16+23
(a+2)+13
16+23=31+8
1). Өрнектердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Оларды қалай топтастыруға болады (тақтаға түсіріледі)

14 – 7 --------- 17+4 ---------- 13+8
15 - 6 --------- 18 - 3 ---------- 16 - 8
16+5 ---------- 19+2 ----------- 13 – 7

1). Өрнектер ауызша оқылады, оқушылар дәптерге баған түрінде жазып отырып мәнін табады.

- Қандай заңдылықты байқап отырсыңдар?

- Өздерің осындай өрнек ойластырып қоса аласыңдар ма?
- Өрнек қосыңдар.
Балалар, дәл осы өрнектерді қосу амалымен шығарып көрейік
- Өзгешелік барма?
- Бұл өрнектің мәнін кім таба алады?
Оқушылар арасынан шығара алатыны болса тақтаға шығарып қосуды дауыстап орындатамын. (Егер ондай оқушы шықпаса, өзім көмектесемін).

Тақтаға тағы бірнеше мысал жазылады. (Баған түрінде) оқушылармен бірігіп шығарамыз.
Осылайша азайту амалына да беріледі. Балалар осы шығарылған мысалдардан кім тұжырымдама жасай алады?
Барлық оқушыларға өз бетімен орындалатын тапсырма беріледі. Жауабы тақтаға түсіріледі.
1. Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды?
Немересі нешеу

2. Жануар екі алдыңғы, екі артқы аяғымен жүреді және оның екі оң, екі сол аяқтары бар. Жануар неше аяқты деп ойлайсың? Дәлелде.
3. Үңгірден тиіннің сегіз құйрығы көрініп тұр. Үңгірде неше тиін бар?
4. Менің ойлаған саныма 12 - ні қоссақ 36 саны шығады. Мен қандай сан ойладым.
Мұғалім өлең жолын береді.
- бірнеше оқушыға оқыту
- Егер мына тапсырманы шешсеңдер осы өлең жолын бізге арнаған қай ақын екенін табамыз.
1. Деңгей
Берілген сандарды өсу ретімен орналастырыңдар
45 ---28--- 11--- 63--- 43--- 81
Л ---А -----Б ----А ----Р ----С
2. Деңгей
Мәні осы сандар тізбегі болатын өрнек құрастырыңдар.

3. Деңгей
Өрнектегі жұлдызшаның орнына теңдік орындалатындай сандарды тауып қойыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 437
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту жағдайындағы білімдерін кеңейту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есеп шығаруға деген қабілеттерін дамыту;
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×