Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяз бен Қыдыр (айтыс) (4-сынып)

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аяз бен Қыдыр (айтыс)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: айтыс туралы білімдерін кеңейту, өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын аша білуге қалыптастыру.
Дамытушылық: әдеби шығармаларды мазмұндау, мінездеме беру арқылы көркем шебер сөйлеу дағдыларының дамуына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Жыл мезгілдерінің қасиеттерін біле отырып, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Түрі: Сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Жыл мезгілінің суреттері, айтыскер ақындарының суреттері
Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Оқушылардың оқу - құралдарын алғызып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Сыныпты екі топқа бөлу.
І - топ «Қыс»
ІІ - топ «Көктем»
ІІ Үйге берілген тапсырма
М. Қуанышбековтың «Өкініш» әңгімесі. Екі топтан екі оқушы айтады. Топтардың жауаптары домбыра арқылы бағаланады.
Әр топқа ширату сұрақтары
1 - топ
1 «Ар - ұят туралы» Ж. Молдағалиев
2 «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды?» Диқан баба
2 - топ
1 Осы бөлімде С. Торайғыровтың қандай өлеңін өттік?
Шығамын тірі болсам адам болып
2 Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар? Өкініш
Үй тапсырмасын бекіту, қорытындылау бағалау.

ІІІ Жаңа сабақ
І Қызығушылығын ояту
Сандық сөзжұмбақ шешейік: Сандарды өсу ретімен жаз.
4206 4488 2574 5 201 3671
T Ы А С Й
AЙТЫС

Айтыс - халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс - ой жарысы, сөз жарысы, көркем сурет кестесі, қолма - қол тауып айта алу шеберлігі. Айтыстың бірнеше түрі бар: Бәдік айтыс, жар - жар, жұмбақ айтыс, мақал айтыс, қыз бен жігіт айтысы. Атақты айтыскер ақындар: Біржан, Сара, Жамбыл, Құлманбет, Шөже.
Қазіргі кезде шығып жүрген майталман ақындар: Ринат Зайтов, Аманжол, Айнұр, Әсия Беркенова. Қызылордалық айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ақындар айтысында «Алтын домбыра» жеңіп алды.
Мына сөзжұмбақтарды шешсек, бүгінгі сабақта кім айтысатынын білеміз.
І топ: Көктем
Сөзжұмбақ шешуі: «Қыдыр»
ІІ топ: Қыс
Сөзжұмбақтың шешуі: «Аяз»

ІІ Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс: «Аяз бен Қыдыр» айтысын оқу
Екі топтан екі оқушы шығып оқиды
Тапсырма
1 - топ
Аяз туралы.
Аяз адамдарға қандай ескерту жасады?
2 - топ
Өлеңдегі аязға қарама - қарсы кейіпкер кім?
Ол туралы әңгімеле.
Дәптермен жұмыс: «Табиғатта жаман кезең болмайды» эссе жазу.
Екі топтыңда оқушылары жазады, жазып болған оқушылар оқиды.
Сергіту
Біздің сыныпта айтыскер ақындар бар ма?
Екі топтан екі оқушы шығып айтысады

ІІІ Ой толғау
Қатал Аяз неліктен жібіді
А) Көктемнің келуі
Ә) Қыдырдан ұялғанынан
Б) Адамдарды ұнатпағандықтан

IV Қорытынды Екі топтан жиналған домбыраларды санау.
Сабақты қорытындылау, екі топтың жұмысын бағалау, жеңіске жеткен топты анықтау, мадақтау, бағалау.
V Үйге тапсырма
«Аяз бен Қыдыр» айтысын оқып келу
19 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау, қазіргі өмірмен байланыс жасау. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Айтыс шебері – Жамбыл
Айтыс шебері – Жамбыл
"Сам орта мектебі" ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чопанова Гулжайнар Аскарбаевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×