Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәулет Қасенов. Адалдық

19 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Дәулет Қасенов. Адалдық
Мақсаты:
Білімділік: Мәтінді оқып, мазмұнын меңгерту. Идеялық мәнін түсінуге мүмкіндік жасау. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.
Дамытушылық: Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру, қолдау.
Тәрбиелік: Өмірдегі қарама - қайшылықтар мен жағымды - жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы шындыққа қарым - қатынасын қалыптастыруға жағдай туғызу. Үлкенді сыйлауға, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білім беру
Түрі: Сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, болжау, кейіпкерге хат жазу, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Көңіл - күй смайликтері, кесте, бағалау парағы, фишкалар.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, өзін - өзі тану, әдеп.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу, құрал - жабдықтарын дайындау.
2. Психологиялық дайындық кезеңі
- Біздің бүгінгі «Әдебиеттік оқу» сабағымыз қызықты өтуі үшін көңіл - күйіміз көтеріңкі болуы қажет. Сондықтан мына өлең шумағын хормен айтайық.
Көшелерден біз өткен
Үлкендерді көрсем,
Жақын кеп
Сәлем берем ізетпен.
3. Сабақтың мақсат - міндетін қою.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни, мына 3 қатар 3 топ болады.
I қатар I деңгейлі топ. Топтың аты – «Білім».
II қатар II деңгейлі топ. Топтың аты – «Талап».
III қатар III деңгейлі топ. Топтың аты – «Алғыр».
Берілген тапсырмада топтың деңгейіне байланысты күрделеніп отырады. Ал қай топ жеңімпаз болғанын біз қалай білеміз? Тыңдайық! Ол үшін мынадай көңіл - күй смайликтерін пайдаланамыз – білімді смайлик, ой үстіндегі және жабырқау. Яғни әр топтың тапсырманы орындауына байланысты сол топты бір саты көтеріп отырамыз. Соңында «Ең үздік топ» анықталады. Сондықтан әр топ ең үздік болуға тырысу қажет.

II. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Аяз бен Қыдыр» айтысын әр топтан сұрау.
2. «Табиғатта жаман кезең болмайды» жазған эсселерін оқыту.
(Әр тапсырма орындалған сайын смайликтер арқылы бір саты көтеріліп отырады)
III. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру
Әр топқа ширату сұрақтарын қою арқылы зейіндерін жетілдіру. Әр топқа 2 сұрақтан.
I топ – «Білім»
1. Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойлайтын айы.(Наурыз)
2. «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды» деген кім? (Диқан баба)
II топ – «Талап»
1. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам. (Уыз көже)
2. Тастары күйелі қазандай қап - қара және таяқпен ұрсаң, шойындай даңғырлайды. Бұл қайда? (Қазантаста)
III топ – «Алғыр»
1. Жылқы етінен ішекке тығылып жасалатын тағам. (Қазы)
2. Сиыр мен иесі айтысты. Бұл айтыстың қай түрі. (Жануарлар мен адамдардың айтысы)
IY. Танымды – операционалды кезең
Жаңа сабақ. Дәулет Қасенов. «Адалдық»
- Балалар, мына тапсырмалардың ішінде жасырын сөз бар. Тек осы тапсырмаларды орындаған жағдайда ғана жаңа сабақты өте аламыз. Ал біздің жаңа білім алғымыз келеді. Солай емес пе?
- Олай болса, 3 топ 3 тапсырманы орындау керек.
I топ – «Білім»
Кестелік көбейту

Тапсырма: Көбейтіндіге сәйкес әріптерді жаз, оқы.
15 24 5 12 16 21 32

II топ – «Талап»
Тапсырма: Төменде берілген әріп тізбегінен мағыналы сөз шығарып ал. Мағынасыз әріптер тізбегінің белін сыз.

ІКРСТШЛПАДАЛДЫҚНПТУДЖЫСРИК
III топ – «Алғыр»
Ы Д Қ Л Д А А
40 165 9 91 87 105 910

Тапсырма: Тор көздерге сандардың кему ретімен әріптерді қойып жазып, шыққан сөзді оқы.
Түйін сөз: Бүгінгі өтетін сабағымыз «Адалдық» мәтіні. Авторы Дәулет Қасенов
Алдымен «Адалдық» сөзінің мағынасын ашып алайық. Адал деп қандай адамды айтамыз?
Мәтіннің мазмұнын кітап ішінен ақша тауып алған жеріне дейін мазмұндап айтып беремін,
Әрі қарай оқиға немен аяқталатынын әр топ «Болжау» арқылы ойларын айтады.

Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу (іштей оқу).
2. Дауыстап диалогтарды рөлмен оқу.
3. Әр топ оқыған бөлігін әңгімелеу.

Мәтінді талдау, бекіту.
1. Балалар неге дауласты?
2. Ақшаның апайдікі емес екеніне Сәрсен мен Бейсеннің шынымен көздері жетті ме?
3. Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге неге сенімсіздік білдірді?
4. Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге рақметтен басқа не айтуы керек еді?
5. Мәтінде болған оқиға барма? Немен басталды, немен аяқталды?
Балалар, осындай оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейді. Ал оқиғасыз, көңіл – күйге байланысты жазылған шығарманы (өлең) сюжетсіз шығарма дейді.

Шығармашылық тапсырма.
Дәптерге орындау
I топ – «Білім»
Сәрсен мен Бейсенге хат жазу.
II топ – «Талап»
Сөздікпен жұмыс. Аңысын аңдиық, дегбірсізденді сөздерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрау.
III топ – «Алғыр»
Дүйсенге жеделхат жолдау. (Әр бала бір сөйлемнен өзінің ризашылығын білдіріп жазу)

Y. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер? Автордың айтқысы келгені не?
- «Бір бас жақсы, ал екі бас тіпті жақсы» деген мәтел осы әңгіменің шешіміне сай ма?
- «Пайда ойлама, ар ойла» деген мақал кімдерге арналған деп ойлайсың?
- «Ақ жүрген адам азбас» деген ше?

YI. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу. 3 топ тапсырмаларын алмастырып орындау
Бағалау. Смайликтердің көмегімен үздік топты анықтау, мадақтау. Әр топ басшысы «бағалау парағы» арқылы топ мүшелерінің қатысуын бағалау.
17 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақжайық А. Құдайбергенов
Ақжайық А. Құдайбергенов
Ақжайық А. Құдайбергенов Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Мән - мазмұнын ашу. Ақжайық өзені туралы мағлұмат беру. Қазақстанның өзен-көлдері туралы айту.
Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу. Мәнерлеп қатесіз оқуға, тез жүгіртіп оқуларын жетілдіру, оқу - дағдысын жаттықтыру.
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Дәулет Қасенов ( 1937 - 1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді. Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.
Адалдық. Дәулет Қасенов
Адалдық. Дәулет Қасенов
Астана қаласы, № 8 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
Дүкенде
Дүкенде
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Макенова Гүлмира Уахитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×