Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Одағай

19 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Одағай сөздер туралы түсінік беру. Олардың қазақ тілінде қолданылу ерекшелігін ұғындыру. Шығармаларда одағайларды табуға жаттықтыру.
Қазақ тіліндегі одағай сөздердің лексика грамматикалық ерекшелігін меңгеруін дамыту.
Адамның әр түрлі көңіл күйін ұғына білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер, сөзжұмбақтар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктемнің шуақты күнінде құстар келіпті.
- Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік бақтарға.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Сіздерге сыйлаймыз.
3. Келген құстардан сауысқан, қарға, шымшық, торғай.
Қарғаның тапсырмасы. Үй жұмысы. Суретжұмбақты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. «Табиғат аясында»

Торғайдың тапсырмасы. «Сұрақтарға жауап бер»
1. Шылау дегеніміз не?
2. Қандай шылауларды білеміз?
3. Шылаудың қандай ерекшелігі бар?
4. Шылауға ұқсас (тұлғалас) жалғауларды білеміз бе?
5. Шылау сөздерге сөйлем құра

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сөзжұмбақ шешу «Одағай»
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Әдемі құс (дуадақ)
3. Ол қарқылдайды (қарға)
4. Су құсы (шағала)
5. Жүйрік құс (сұңқар)
6. Бау - бақшаны қорғайды (торғай)

Сауысқанның тапсырмасы.
Көркем жазу
Алақай, жыл құстары келді!
Жыл құстарымен таныстыру (қарлығаш, лейлек, тырна, аққу)
Қарлығаштың тапсырмасы.
«Кел, оқиық!»
Пай - пай, мына аттың жүйрігін - ай!
Бәрекелді, келгендерің жақсы болды!
Алақай, алақай, ауылдан әжем келді!
Апырай, ата қонысым еді!
(Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгісіне назар аудар)
Ләйлектің тапсырмасы. Ережені түсіндіру.
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды: Бәрекелді, өнерлі бала екен! Ойпырай, қауып алған жоқ па?
Одағайдың түрлері
Көңіл - күй одағайы --------- Жекіру – бұйыру одағайы -------- Шақыру одағайы
Алақай --------------------------- тәйт ------------------------------------ шөре - шөре
Шіркін --------------------------- тек --------------------------------------- құрау - құрау
Әттең ----------------------------- жә -------------------------------------- көс - көс

Салыстыру
Екеуі де сөз табы. Сөйлем мүшесі бола алмайды
Шылау - Сөз бен сөзді байланыстырады;
Бөлек жазылады;
Қосымша мағына үстейді

Одағай - Адамның көңіл күйін білдіреді
Басқа сөздермен байланысқа түспейді;
Жазылу ерекшелігі бар

Тырнаның тапсырмасы.
Көшіріп жазу
Шіркін, мына атқа мінер ме еді! Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл. Әттеген - ай, көре алмай қалдым - ау! Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Түу, қандай тымырсық түн! (Одағайлардың мағынасын түсіндір)

Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық

Аққудың тапсырмасы. Өзіндік жұмыс
Па, шіркін, әттең, ойпырай. (Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жаз)

Ребус шешу. Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір - бірінен айырмашылығын айт.

Көгершіннің тапсырмасы. Шығармашылық тапсырма.
Одағайды тауып мағынасын түсіндір.
ҚОТЫР ТОРҒАЙ (ертегі)
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:
– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп:
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? Ешкі:
– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем қасқырға айтпасам!
– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:
– Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!
– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:
– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:
– Қап бәлем, сені байға айтпасам!
– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:
– Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам!
– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:
– Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!
– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:
– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:
– Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!
– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:
– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:
– Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!
– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жіберді; тышқан байдың қоспасын тесті, бай жылқышыны ұрды; жылқышы қасқырды ұрып алды; қасқыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алды.
Сабақты қорытындылау. «Құстарға ұя жасау» тапсырмасы
1. Одағай деген не? (шаршы)
2. Қандай одағай сөздерді білесің? (үшбұрыш)
3. Одағайлардың ерекшелігі (тік төртбұрыш)
4. Сөйлем құра (шеңбер)
(Фигуралардағы сұрақтарға жауап беріп, құстың ұясын құрастыру)
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
1. 4 - жаттығу.
..., емтиханнан бес алдым!..., сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!..., киноактер болсам!..., сен қашан келдің
2. Одағай дегеніміз не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
52 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру. Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Одағай
Одағай
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Шылау
Шылау
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×