Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаңырағым - шаттығым

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Шаңырағым - шаттығым
Мақсаты:
Білімділік: Отбасындағы бала тәрбиесін әкесімен анасының бірігіп пікір алмасып шешуге, ұлттық тәрбие туралы түсінік беруге, елін қастерлей білуге, сыныптағы басқа балаларға үлгі болуға шақыру.
Тәрбиелік: Шаңырағы шаттыққа толы болу үшін барлық жасауға дайын отбасыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақстанымызда отаны берік, басқа елге үлгі болатындай шаңырақ болуға ұмтылу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, ана мен бала бейнеленген плакатты сурет, стикерлер, бағалау тақтасы, сандық нөмірлер, шарлар. т. б
Әдісі: Ой қозғау, сұрақ жауап, рефлексия, жарыс, талдау, топтасу

Тәрбиелік шараның жүру жоспары тақтаға ілінеді:
1 Таныстыру ( ата - ана баласымен өлең жолдары арқылы)
2 Өнер көрсету (ән айту, күй тарту, би билеу, ас мәзірі т. б)
3 Отбасылық - ситуациялық сұрақтар (топпен жауап беру )
4 Cән үлгісін көрсету (ата ана баласымен үйлесімді, стильді киім кие отырып, музыка ырғағымен жүріп өту )
Тәрбиелік шараның жүру барысы:
Музыка әуені: Алтынай Жорабаеваның орындауында” Ана”әні
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата - аналар, қатысушы ұстаздар!
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын, отбасы шаңырағымыз тәрбиенің қайнар көзі екендігін бәріміз білеміз.
Әр адам жетпеген арманға, шығатын биікке тек қана ұрпағымен жетуді мақсат етіп, үміт артады. Бүгінде 4а сыныбының ата - аналары өз балаларын қолдап, ол балаларына шаңырақта дұрыс тәрбие беріп отырғанын дәлелдеу мақсатында “Шаңырағым - шаттығым “атты ашық тәрбие сағатына келіп отыр.
- Қош, келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы отбасылармен таныстыру:
Серіковтар, Тажкеновтар, Даулбаевтар, Каршигаевтар, Абуовтар,
Оразовтар, Болатовтар.
Әр отбасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау мақсатында номинациялық орынды беру үшін әділ төрешілер сайланады.
Олар: тәрбие ісінің меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі, психолог және ата - аналар
Ер балалар ертеңгі күннің шаңырағымыздың тірегі, сондықтан олар тақтаға стикерлер арқылы бағалауға қатысып, өзіне ұнаған топқа ұпай береді. Ал қыздар үйдің берекесі, сондықтан олар осы тәрбие сағатымыздың жақсы өтуіне мұғалімге көмектесіп ат салысады.
Ортаға оқушылар шығып өлең шумақтарын оқиды.

1. Отан, ана ардақ тұтар тел ұғым
Қасиетті әр сүйемін жерімнің.
Биіктерге көтеретін біздерміз,
Шаңырағы егеменді елімнің.
2. Шаңырағым Отаным
Содан мәңгі от алдым.
Таңы болып атамын
Күні болып батамын.
3. Шаңырағым шаттық өмір бар мәнім,
Өзіңе мен асқақ әуен арнадым.
Әнұраным - бойымдағы ар - намыс
Көк байрағым - желбіреген арманым.
4. Шаңырақтар шайқалмасын десеңіз
Бабалардың салтын ұғып өсеміз.
Жас ұрпақтың бар үміті алдында,
Үш мыңыншы ғасырларда есеміз.
Мұғалім: Бұл өмірде анаңның алақанынан жұмсақ ешнәрсе жоқ. Ауырған кезде жаныңа шипа болатын да, ол анаң. Анасымен баласы болып топқа бөліну үшін, біз ойын арқылы бір - бірімізді тауып алуымыз керек.
Баласының көзін байлап, анасының алақаны арқылы тауып көру керек.
Аружан, Әсел
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс
Мейірімі мол ананың жүрегі жылы, қолы кең.
1, 2, 3, 4, 5, 6 нөмірлерін ата аналары суырады.
1 бөлім
Әр отбасы қазақ халқының салт дәстүріне сай руын, аталарын, шаңырақ мүшелерімен таныстырады. Әрбір сайыста баласымен анасы бірге шығып, бірдей атсалысу керек.
Ән “Асыл әже “, орындайтындар: Асия, Анар
2бөлім
Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған,
Өнерімен тәрбие көзін қалдырған.
Анасымен баласын ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен кіші балдырған.
(Топтың өнерін тамашалау)
Би биленеді: Болатбек, Мирас, Бекзат, Анар, Әсел, Аружан.
3бөлім
Мұғалім: Шаңырақтағы тәрбие кешіктірілсе кешірмейтін, дұрыс бағыт алмаса қайтып келмейтін кәделі, сауапты іс. Сондықтан шаңырақта түрлі ситуациялық жағдайлар болып жатады. Сондай жағдайда отбасы қандай шешімге келеді екен. Парақшалар суырып дайындаламыз.
(Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, жағдаяттар)
Қызға қырық үйден тыйым
Ұлды ұясында дұрыс баулу
Қария сөзі - тәрбие көзі
Ата - ананың қадірін, балалы болғанда білерсің.
Қазақ дәстүрі жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Дайын болғанша: Шаңырағың шаттыққа толы болсын десең
“Баталы алтын сөз” парақшасын үнтаспадан тыңдатып тарату
4бөлім
Өзіндік стиль, имидж, сәнді әрі үйлесімді киіну - жаңа ғасыр талабы. Әр отбасында өздеріне тән киім кию ережелері де болуы мүмкін. Сондықтан анасы баласына қандай үлгіде киіну керектігін үйретіп, отбасылық сән үлгісін көрсетеді.
Музыка әуенімен бірге жүріп өтіп, сән үлгісін көрсету.
Бағалау тақтасында көп көрермен ықыласына бөленген отбасыларын анықтау
Әділ төрешілер дұрыс бағалап болғанша
Хормен: “ Қазақстаным менің” әнін тамашалаңыздар.
Номинациялар:
Өнерлі отбасы
Үлгілі отбасы
Қонақжай отбасы
Ақылды отбасы
Ұйымшыл отбасы
Тәрбиелі отбасы
Әділқазылар соңында дұрыс шешім қабылдап, қатысқан аналарымыз бен балаларына номинациялық дипломмен марапаттап қорытындылайды.
6 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Шаңырағым – шаттығым
Шаңырағым – шаттығым
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы селосы, №7 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі: Түешиева Меруерт
Өнегелі болса - бала көрікті
Өнегелі болса - бала көрікті
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өнегелі болса – бала көрікті.
Ана мен бала сайысы
Ана мен бала сайысы
Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
Бала бақыт бала қуаныш
Бала бақыт бала қуаныш
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Балабақшамен ынтымақпен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×