Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаңырағым – шаттығым

16 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата - ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Олардың ой - өрісін
дамыту. Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер және үнтаспа т. б.
Барысы
Мұғалім сөзі:
Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар.
Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.

Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналарға өмірдегі жақсылық атауының барлығы тиесілі. Себебі олар әр шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Олардың шыдамдылықтарымен, қамқорлықтарына біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де ата - анамызға байланысты. Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.

Ой қозғау
Ата - ана деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне оқушылар жауаптарын жазады. Мысалы: қамқоршым, тәрбиешім, жанымның саясы, асыраушым т. б
Отбасындағы қыз баланың міндеттері:
- Анаңа көмектес.
- Бажылдап, айғайлап сөйлеме.
- Бейуақытта ұйықтама.
- Қонақ күтуді үйрен.
- Үйдің тазалығына көңіл бөл.
- Үйді таза ұста.
- Тамақ жасап үйрен.
- Қолөнерді үйрен.
- Таза сөйлей біл.
- Төсектен тұрған соң, төсекті жина.
- Тамақ ішкен соң, ыдысты ертеңге қалдырмай жу.
- Ешнәрсені айтқызбай, өзің біліп істе.
- Барынша сыпайы, инабатты бол
- Айтылған тапсырманы уақытында орында.
- Анаңмен, жеңгеңмен сырлас.
- Бөтен адамға сыр айтпа.

Ата - анамен бала арасындағы 7 - қателік:
1 - қателік: Балаларды орынсыз еркелету.
2 - қателік: Не істесең оны істе маған бәрі бір деп айту.
3 - қателік: Аса қаталдық яғни Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата – ана - анамын деп айту.
4 - қателік: Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін деп айту.
5 - қателік: Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ деп айту.
6 - қателік: Балаңызды баршылыққа баулымау.
7 - қателік: Балаңыздың ісіне, көңіл – күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл – күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т, с, с,

Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада анаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
4. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? т. Б

Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

Тапсырма: Берілген суреттерге топ бойынша шығармашылық жұмыс жүргізу.
1. «Шаңырағым шаттығым» тақырыбында шағын шығарма жазу;
2. Ата - ана туралы мақал - мәтелдер жазу;
3. «Менің анам», «Менің әкем» немесе «Менің отбасым» тақырыптарына өлең шығару;
Қорытынды: Адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет ол – мейірімділік. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүдде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейірімділікке жатады.
23 491
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс
Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс
Ата - аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру
Отбасым - бақыт мекені
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Шаңырағым - шаттығым
Шаңырағым - шаттығым
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай №3 орта мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Шонтыбаева Гүлшара
Шаңырағым - шаттығым
Шаңырағым - шаттығым
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×