Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз - Ұлыстың ұлы күні

02 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғамда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіз бе, құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін - бірі құшақтасып сүйеді.
- Ал, балалар! Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір - бірімізді құшақтап, бір - бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
ІІ. Әңгімелесу Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата - ана шашу шашады, музыка қосу)
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

1 - Жүргізуші:
Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар.
1 - Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарап аламыз, сіздерге
Би - билеп, ән деп бүгін шырқалар!
1 - оқушы:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
2 - оқушы:
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат
Әр жүректен әр тарап
Шаттанады шартарап.
Бәрі:
Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашылып,
Ел боп қарсы алайық.
3 - оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден,
Құтты болсын, Наурыз!
4 - оқушы:
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсің бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, «Наурыз» жыл басы.
5 - оқушы:
Бүгін күн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді.
6 - оқушы:
Наурыз тойы салтымыз,
Көгерсің деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
7 - оқушы:
Өмір бағы жайнасын,
Бақта бұлбұл сайрасын.
8 - оқушы:
Күреп алтын күрекпен
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
9 - оқушы:
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден
2 - Жүргізуші:
Ән: «Көктем» орындайтын Сайын Хорлан
1 - жүргізуші:
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге тәу - тәу!
- Күн Ана
- О, Қасиетті Жер Ана! Алла - тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан – жануарыңнан бастап адам затына дейін, қуанып нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңде, Ару көктемімді шақырғалы отырмын.
2 - жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем Ару.
Армысыздар халайық
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын.
Көктемнің әрбір ақ таңы
Қуанышпен, ашылсын.
1 - Жүргізуші:
«Той бастар» биін тамашалаңыздар.

2 - жүргізуші:
- Бүгін ұлыстың ұлы күні!
Ата бабаларымыздың
Сөзімен, айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған күн».
Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.

2 - жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!
Жер Ана.
Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді - ау!
Жаңа – жылым жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет, әрі кет
Алас, Алас! Бар бәледен қалас
Наурыз батырым келе ғой!

Наурыз батыр.
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуағы халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас - кәрің.
Жыл иесі тұлпарым
Құт иесі тұлпарым
Бақыт әкел еліме
Құт – береке молшылық
Дари берсін жеріме.

1 - жүргізуші:
Рахмет,
Наурыз батыр,
Күн Ана,
Ару көктем,
Тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын.
10 - оқушы:
Жыр сыйлаған, Нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
2 - жүргізуші:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа – жыл,
Бақ дарысын бәріңе!

Ән. Жау – жау жаңбыр.
1 - жүргізуші:

«Балауса» би тобының орындауында «Қамажай» Қол соғып қарсы алыңыздар.
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман - есен жетейік
Келер Наурыз тойына!
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!
8 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі
«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі
Қымбатты ата - аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз - мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.
Әз-Наурыз!
Әз-Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
«Суықбұлақ орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×