Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас келсе, іске

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг - сабақ

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд
Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала - бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
Құрметті ұстаздар!
Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.
Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.
І. ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ
«Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп, өз ойларын ортаға салу. ( 6, 5, 4 ұпай)
II. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Жұмыс уақыты - 2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.( 4, 5, 6 ұпай)
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….
Сергіту сәті «Арал» ойыны.
Ойынның мақсаты: шапшаңдыққа, жинақтылыққа дайындау.
IІІ. ТЕСТ – ДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда - санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Уақыты: 5 минут
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45 - 50 ұпай жинасаңыз: (6)
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.
30 - 21 ұпай жинасаңыз: (4)
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
15 - 11 ұпай жинасаңыз: (2)
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімгебосатқаныңыз жөн.
IV. Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7 - 10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

Мұғалім жетістіктерінің жалпы деңгейі бағаға
келесі шкала бойынша ауыстырылады:
22 - 24 ұпай - «5», 18 - 21 ұпай - «4»,
13 - 17 ұпай - «3», 0 - 12 ұпай - «2»

Критериалды бағалау – нақты айқындалған, ұжымдық талқылаудан өткен, осы процеске қатысушыларға алдын - ала белгілі, білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес, тұлғаның оқу - танымдық құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған критерийлер бойынша білім жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

А критериі
- кәсіби лайықтылықты анықтау.
В критериі
- Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
С критериі
1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
3. Күнделікті жағдайдағы мінез - құлықтың сценарийін жасауға
мүмкіндік береді.
D критериі - Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
9 354
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, нығайту.
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг - сабақ
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг - сабақ
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темирова
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Мен жастарға сенемін (тренинг – кеңес)
Мен жастарға сенемін (тренинг – кеңес)
[right]Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 194 орта мектептің педагог – психолог Оразгелдиева Сандуғаш Қойшыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×