Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру Өз ойларын ортаға салуға, талқылауға үйрету. 2. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 3. Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, ассоциация.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру. Сабақтың жүрісі:

I Ұйымдастыру кезеңі.
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Яғни, бүгін «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.,.
1 - слайд. Қамал
Ойын: «Сиқырлы елдің тұрғындары»
- Қалай ойлайсыңдар, балалар, мынадай елде қандай тұрғындар болуы мүмкін? Егер бұл ел сиқырлы болса, онда тұрғындары да қарапайым болмағаны ғой. Ендеше, дүние жүзінде жоқ тұрғындарды ойлап табайықшы.
- Бұл қамалда не бар екенін білгілерің келе ме? Онда, қамалға кірейік. Алдымызда кедергі бар екен. Тас қақпа жабық.
2 - слайд. Тас қақпа
- Тас қақпаны ашу тапсырмаларды орындайық

II Өткенді пысықтау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. 5 - жаттығу
Жұмбақты түсініп оқып, көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жазу. Шешуін табу.
3 - слайд
2. «Бәйге» ойыны
10 30 50 20

40 20 10 30
1. Сол жақтағы 10 - Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?
2. Ортадағы 30 - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?
3. Ортадағы 50 - Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?
4. Оң жақтағы 20 - Түбір сөзге жалғанатын бөлікті не деп атайды?
5. Сол жақтағы 40 - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
6. Ортадағы 20 - Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?
7. Ортадағы 10 - Түбірлес сөзге мысал келтір.
8. Оң жақтағы 30 - Туынды сөздерге мысал келтір.
- Тас қақпа ашылды. Іске сәт!
4 - слайд. Күміс қақпа.

III Жаңа сабақ
5 - слайд
Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан - жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз.
6 - слайд
Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер... деп аталады.
7 - слайд

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер... және... арқылы беріледі.
- Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді екен.
- Сөз таптары неше тармақтан тұрады? Оны ассоциация арқылы көрсетейік.
- Әр сөз табы туралы не білетіндеріңді айтыңдар.
Күміс қақпа ашылды. Жарайсыңдар!
10 - слайд Алтын қақпа.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Ш ш
- Ш дыбысынан басталатын мақал - мәтел айтайықшы.(Оқушылар мақал - мәтел айтады. Бір мақалды тақтаға жазу)
Сергіту сәті.
12 - слайд 3 - жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастырып жаз
13 - слайд 4 - жаттығу. Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.
14 - слайд 5 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
- Алтын қақпа да ашылды. Өте тамаша!
15 - слайд Сиқырлы сандық.
- Балалар не көріп тұрсыңдар?
Бұл сиқырлы сандық құлыптаулы екен. Кәне, сиқырлы сандықты ашуымыз керек. Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.
16 - слайд. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір
Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»
17 - слайд. Сиқырлы сандық ашылып, ішінен бағалар шашылады.
Сабақты қорытып, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 6 - жаттығу
- Балалар, біз бүгін сабағымызда «Ертегілер еліне» саяхатқа шығып, қамалға кіріп, одан не таптық?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 661
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын ортаға салу талқылауға үйрету.
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×