Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымшаның жазылуы

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - сынып
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Мақсаты: 1. Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіру. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп ретте өзгермейтіндігін, түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшаның да жуан не жіңішке болып үйлесіп жалғанатынын меңгерту.
2. Сөздер ойлату арқылы тілін, сөз қорын, шығармашылық қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пән аралық байланыс: дүниетану сабағы.
Көрнекілік: Суреттер, сызбалар, үлестірмелер.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып даярлығын тексеру, оқушыларды түгендеу. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өтілген тақырыпты бекіту.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ол не?
- Терек.
- Біз дүниетану сабағында өсімдіктердің өсуі жайлы өтіп жатырмыз.
- Ендеше, балалар біз бүгін теректің өсіп - өну құрылысы арқылы сабағымызды тиянақтаймыз.
- Терек не арқылы өседі, өзінің бойына нәрді қалай алады?
- Негізгі тамыр арқылы.
- Негізгі тамырымыз, түбір сөз.
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Тағы қандай тамырлары болады?
- Қосымша тамырлары
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша тамырларымыз жұрнақ, жалғау
- Енді теректің діңі болады.
- Ол туынды сөз.
- Туынды сөз дегеніміз не?
- Теректің діңінен не таралады.
- Бұтақтар таралады.
- Ол түбірлес сөз.
- Түбірлес сөздер деген не?
- Бұтақтар көктем кезінде бүршік атады, жапырақ жаяды.
- Ендеше балалар түбірлес сөздерден жапырақ сияқты бірнеше сөздер туады.
- Теректің сызбасы арқылы сабақты қайталап шығамыз.

ІV. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. Блум жүйесі бойынша сабақты жүргізу:
1 Білім Түбір мен қосымшаның жазылуы
2 Түсінік Ережелерді жаттау, қайталау. Сөздік жұмысын жүргізу
3 Қолдану Сөздерді сөз құрамына талдау. Жаттығу жұмысын орындау.
4 Талдау(анализ) Ережелерді шығару, өз ойын дәлелдей алу.
5 Жинақтау(синтез) Шығармашылық жұмыстар жүргізу.
6 Баға Жолдасыңның еңбегін бағалай білу.
7 Коррекция Түзету жұмыстарын жүргізу.

V. Жаңа материалды меңгерту. Жыр - шы, жыр - лар, жыр - ды,
Талап - ты, талап - кер, талап - пен,
Сүт - тей, сүт - ке, сүт - тен.
Қосымша жалғанғанда түбір сөздер көбінесе өзгермейді.(ереже)
Жұмыс+шы+лар, сурет+ші+лер.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Дәптермен жұмыс. 49 - жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу. Түбір сөзге жалғанған қосымшаның жуан, жіңішке екенін анықтау.
Сұңқар, пингвин, бүркіт, қарлығаш.
50 - жаттығу. Көп нүктенің орнына - лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер жалғауларының тиістісін қойып жазу. Қосымшалы сөздерді сөз құрамына талдау. Жуан айтылатын жалғаулардың астын - бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сызу.

VІ. Ой - толғаныс.
Оқу
Жұмыс
Ой
Бала
Сөздеріне жалғаулар жалғап сөйлем құрап жазу.
б) Шығармашылық диктант.
Көктем... қар ериді. Күн жылына бастайды.... Жылы жақтан құс... келіп жатыр. Сайлар... су ағады. Дихан жер жыртады, егін сала.... Оқушылар мектеп ауласы... ағаш отырғызады. Адамдар ауыл маңын тазалау... кіріседі.
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

VІІ. Сабақты қорытындылау.
1 Білім Сен бүгін қандай білім алдың?
2 Түсіну Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?
3 Қолдану Алған біліміңді неге қолданар едің?
4 Талдау Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде.
5 Жинақтау Біліміңді жинақта (шығармашылық жұмыс)
6 Баға Кімге баға бересің?
7 Коррекция Нені білмедің, жете түсінбедің, соны сарала.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 51 - жаттығу. Ереже жаттау.
ІХ. Бағалау. «Өзіңді бағалау» парақшасын толтыру арқылы жүргізіледі.
17 994
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайбулаева Таниза Сайлауовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×