Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және басқалар. Әдептілік

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік. (слайд)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы жайлы түсіндіру, әдептілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәтін ашу.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеуге, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздегі дыбыстарды анық дыбыстап, байланыстырып сөйлеу әрекетін жетілдіру.
3) Тәрбиелігі: Ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сәйкестендіру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жер байлығы кең екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
- Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен, қонақтармен амандасайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Сөйлеу алдындағы ережені еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сыйға - сый» мәтінін оқып әңгімелеу.. Сурет салып келу, жасаған жұмыстарын көрсету.
- «Сыйға - сый» мәтінінен не білдіңдер?
- Ағашты біз өсіреміз, суарамыз, ағаш бізге жемісін береді, ондай баланы біз не дейміз, әдепті бала дейміз. Мына жерде бір мақал жасырылған. «Сәлемдесу - әдептілік бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Біздің әдептілігіміз неден басталады? Амандасудан
Сергіту сәті:
Қазақстанда қол алысады,
Италияда құшақтасады.
Бразилияда иықтан соғады,
Зимбабада арқа сүйеп амандасады.
Никарагуа қол шапалақтап секіреді.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Қай кезде аналарың қуанады?
- Әрине «Ана мен бес алдым» дегенде
- Жақсы оқысаң қуанады. Бұл ана мен баланың жақсы қарым - қатынасы. Ал, баласы жағымсыз қылық жасаса, анасы ренжиді. Егер бала өзінің жағымсыз қылығын түсінсе, анасынан кешірім сұрағаны жөн.

Оқулықпен жұмыс:
- Оқып, мазмұнын түсіндіру.
- Тізбектеп оқыту.
- Сөздік жұмыс.
- Сыйластық ережесін ұғындыру.
- Сұраққа жауап алу.

ІV. Дәптермен жұмыс.
- Оқулықтағы ережені жаздырту.
- Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»
- Әдепті бала арлы бала,..........................
- Әдепті бала ата - анасын мақтатар,....................
- Әдептілік белгісі.......................
- Сәлем сөздің........................
Инабаттылық әдептіліктің -

V. Сабақты бекіту. Әдептілік дегеніміз не?
VІ. Сабақты қорыту.
- Қандай тақырыппен таныстық?
- Нені үйрендіңдер?
VІІ. Үйге тапсырма.
- Түсінік айту.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан және сөйлеу ережесін ұстана отырып анық, еркін сөйлеген оқушыларды мақтап мадақтау, бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдемі сөз – әдептілік
Әдемі сөз – әдептілік
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Жолдасова Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×