Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хабарлы сөйлем

16 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, хабарлы
сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін
каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу
тілдерін дамыту, сонымен қатар ұқыпты болуға,
әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына байланысты суреттер, кестелер

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, жұппен жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу
- «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез - келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байрағы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімнен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?- деп Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазақ үшін қымбат қазақ тілі сабағы басталды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - жаттығу. Сөйлем туралы ережені сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? (Сөйлемнің ережесін сұрау, мысал келтіру)
- Балалар «қазақ тілі» елінде бір оқыс оқиға болыпты. Ондағы барлық сөйлемдер араласып кетіп, шатысып түсінісе алмай жатыр екен. Оларды ажыратып орындарына қоюға көмектесейік. Онда әрбір сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқып, өз белгілерінің тұстарына қояйық. Біз сөйлемді дер кезінде дұрыс ажырата білдік. Енді осы сөйлемдерге назар аударайық.
1. Менің балаларым сабаққа әзір ме екен?
2. Мен мұғалімнің көңілінен шыға аламын ба?
3. Сабақ басталды.
4. Мұғалімдер сабаққа қатысты.
5. Алақай, мен «5» алдым?
6. Менің балаларым неткен ақылды!
- Міне, осы сөйлемдердегідей біздің бүгінгі сабағымыз өте жақсы өтеді деп ойлаймын.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін сөзжұмбақты шешеміз.

1. Х - дан егер бастасаң, сәлемін досқа жолдаған.
2. Қолы жоқ, сурет салады. Тісі жоқ тістеп алады.
3. Сырттай ұқсас малтаға, қаламның бұл ғажабы жылтыр қара тақтаға. Аппақ сүтпен жазады.
4. Күнде оған қараймын. Қара шашты тараймын.
5. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы!
6. Ешкінің төлін қалай атайды?
7. Күнделікті тамақ дайындауға қолданатын нәрсені ата.
1. хат
2. аяз
3. бор
4. айна
5. радио
6. лақ
7. ыдыс

- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Хабарлы сөйлем» деп аталады.
- Мен қазір сендерге өз сыныбым туралы мынадай сөйлемдер айта аламын.
Менің сыныбымда 11 оқушы бар. Оның 5 - і ұл, 6 - ы қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді сыйлайды. Сабақта тыныш отырады...
- Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
- Мен бұл сөйлемдерде не туралы айттым? (сынып)
- Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені қорытып шығару)
- Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
- Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Қанат мектепке ерте келді.
1 - жаттығу.
Қыс мезгілі. Балалар ойнауға далаға шықты. Алмат шаңғы тепті. Ажар мен Қанат қардан аққала жасады.
2 - жаттығу.
Мәтін 7 сөйлемнен тұрады.
Аршаның сабағы бұйра бүршікті болады. Ол хош иісті ағаштың бір түріне жатады.

ІV. Сергіту сәті
3 - жаттығу.
Қыс. Орманда қар қалың. Қоянның тоғы ақ болады. Қар үстінен қоянның ізі анық көрінеді.

4 - жаттығу (ауызша)
1. Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.
2. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
3. Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.
1. Еңбектің арқасында астығымыз мол болады, жеріміз көк болады. Еңбек етсең жер ана бізге өзінің байлығын береді.
2. Ақылды, өнерлі болуымыз керек. Осылардың арқасында көпке таңыламыз.
3. Елімізді, жерімізді қорғайтын батырларымызды дүниеге ана әкеледі. Осы батыр мінетін тұлпарымыз болу керек.

5 - жаттығу.
Алмат сабақтан кешікпейді. Болат күшікті үйге әкелді.
V. Сабақты бекіту
«Шырша» ойыны
Біздің сыныбымызға жаңа жыл шыршасы келді. Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін шыршамызға ойыншықтар іліп безендірейік. Ойыншықтарға жазып ілінген сұрақтарға жауап берген оқушы ойыншығын шыршаға іледі.
(Балалар шыршаны безендіреді)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не екен?
- Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Хабарлы сөйлемге мысал келтіру.
- Сөйлемнің түрлерін ата?

VІ. Үйге тапсырма (Күнделікке жазу)
5 - жаттығу Ережені жаттау
VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
27 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ашық сабақ Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Есенгуль
Құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлемді қайталау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жарқын болашақ
Жарқын болашақ
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×