Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрмалас сөйлемді қайталау

30 наурыз 2014, Жексенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты:
білімділігі – оқушылардың құрмалас сөйлемнен алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, бекіту, қорытындылау.
дамытушылығы – оқушының пәнге қызығушылығын, арттыру, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
тәрбиелігі – оқушыларды іс - әрекет, мақсатқа жету әдіс - тәсілдерін таңдай білуге, өзін - өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей, талдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: қайталап жинақтау, қорыту
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі:, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау, салыстыру, талдау
Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба - кестелерді көрсетіп, ой жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, схемалы кесте, ВЕНН диаграмма, Бес жолды өлең, графикалық диктант

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру

Сабақтың эпиграфы:
«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.» Н. Ә. Назарбаев
Дыбыстық жаттығулар арқылы оқушыларды сабаққа дайындау
Бұл жаттығулар адамдардың өмірге құлшынысын арттырып, көтеріңкі көңіл - күй
мен шабыт шақыруға арналған.
Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы сөздерді сәйкестендіріп құрастырғанда,
3 сөйлем шығады. Сол сөйлемдердің құрылуына қарай оқушылар 3 топқа бөлініп отырылады. Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлемнің 3 түрі, әр топ сөйлемдерге ауызша синтаксистік талдау жасайды.

І топ « Салалас» ІІ топ «Сабақтас» ІІІ топ «Аралас»
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау Үйге берілген сынақ тапсырмасындағы “Әр қилы тағдырлар”, “Өнердегі өнегелі өмірлер” эссені оқыту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 049
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлемді қайталау
Ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×