Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала Абай

03 қыркүйек 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының
№10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Даулешова Акнур Баяновна

Сабақтың тақырыбы: Бала Абай
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе
С. Торайғыров
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтін мазмұнымен таныстыру, Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Жүйелі сөйлеуге өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2. Дамыта оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: А. Құнанбайұлы, М. Әуезов портреті, сөзжұмбақ сызбалар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін сұрау.
2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.
А) Алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім?
Ә) «Қазақтың даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?
Б) Ы. Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдерін білесің?

III. Оқушы білімін тексеру.
Тест сұрақтары:
1. Абылайдың шын аты.
А) Сабалақ
В) Әбілмансұр +
С) Бөгенбай.
3. Батырлар туралы өлең жазған жырау.
А) Бұқар +
В) Ақтамберді
4. «Көксерек әңгімесінің авторы.
А) М. Әуезов +
В) М. Дулатов
С) Ж. Жабаев
5. Қазақ ханы.
А) Қабанбай
В) Бөгенбай
С) Абылай +

IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2 топқа бөліну. Сөзжұмбақ шешу.
1. Дөңгеленіп өседі желмен бірге өседі (Қаңбақ)
2. Аяғы жоқ алыстан келеді, Өзіңе сәлем береді. (Хат)
3. Бұлаңдаған құйрығы Бір айлалы қылығы (түлкі)
4. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
5. Шымшып алады қолсыз Сырғанақ жоқ онсыз (аяз)
6. Сырты қатты, Іші тәтті (қарбыз)
7. Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер өзіңе,
Сол сурет ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе. (айна)
8. Орақ болып тұрады,
Табақ болып тұрады
Көк аспан оның тұрағы (ай)

V. Жаңа сабақ:
1. М. Әуезов жайлы мағлұмат алу «Ой қозғау» стратегиясы.
Мұхтар: жазушы, Семей өңірі, туған жылы, Көксерек, атасы Әуез, жазушы.
2. Кіріспе әңгіме.
М. Әуезов қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, бата алған. Атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болады. Алдымен молдадан хат танып, кейін Семей, Ташкент, Санкт - Петербург қалаларында оқиды. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазды. Онымен бастауыш мектепте таныстыңдар.
3. Мазмұнымен таныстыру.
4. Мәтінді кезекпен жалғастыра оқу.
5. Мәтінді үш бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою.
6. Сөздік жұмыс жүргізу «елтіп тыңдады» тіркесінің мағынасын түсіндіру.

VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
1. Абай неге үйден көп шықпайтын болды?
2. Абайға кімдер әңгіме айтатын?
3. Абайдың үйіне кімдер келді?
4. Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?
5. Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді?
6. Барлас ақын Абайдың зеректігін қалай бағалады?

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Сонымен, балалар, бүгін кім жайлы оқып білдік?
2. Бұл әңгімені жазған кім?
3. Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев «Абайды тану арқылы Біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
4. Бала Абайға мінездеме берейік.
Бала Абай - жасы 13 - те, денесі бір аралық кейіпте, зерек, атқа мінуге, әңгімешіл, ойлы, бойы өскен, ұғымтал, қол - аяғы ұзарған.

VІІІ. Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін оқу. Мазмұнын айтуға дайындалып келу.
24 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Мұхтар Әуезов «Бала Абай»
Мұхтар Әуезов «Бала Абай»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Сам орта мектебі" ММ, бастауыш сынып мұғалімі Қадірова Өрік
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×