Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: « Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

Мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой санасына сіңіру.
Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәлім - тәрбие алу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Барысы: Кіріспе сөз.
Мұғалім сөзі: Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы халықты өнер - білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүрер болсақ, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Сонымен Абай атаның нақыл сөздерін, өлең - жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқанын өздеріңізбен бірге тыңдайық
Абай туралы не білеміз?
Абай әлеміне саяхат.
Абай

Семей
1845ж
1904ж
Құнанбай
Ұлжан
Зере

Тақтадан Абай ауылы, әкесі, әжесі, Абайдың портреті көрсетіледі.
Абай өмірі туралы толық мәлімет оқылады.
Абай Құнанбайұлы жайында жұмбақ оқылады.

1. Жырларымен Бүкіл елді қандырған кім?
Қазақ елін әлемге танытқан кім?
Ұрпаққа мұраларын аманат қып,
Рухани азық етіп қалдырған кім?
(Абай – ақын)

2. Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан кім?
(Абай – сазгер)

3. Орыс тың әдебиеті үлгі тұтып,
Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлатқан кім?
(Абай – аудармашы)

Үш топ өз атына сай схема бойынша жұмыс жасайды.
Абай – ақын
Абай – сазгер
Абай – аудармашы

Мұғалім түсіндірмесі:
Абай – ақын, сазгер, аудармашы және философ, көркем сөз шебері болған. Ол 45 қара сөз, 3 күй, 3 поэма, 70-ке жуық ән жазған.

ІІ. Әдеби – музыкалық бөлім.
1. Абайдың өлеңдерін оқу.
2. Абайдың әндері.
3. Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» аудармасынан көрініс көрсету.

Викториналық сұрақтар:
1. А. Құнанбаев қай жылы, қай айда, қай күні дүниеге келген?
2. Оның азан шақырып қойған аты кім?
3. Оны кім Абай деп атаған?
4. Абай қайда, қанша оқыды?
5. Абайдың жас кезінде оқи алмағанына өкініп жазған өлеңі? Жатқа айт.
6. Ұстаз бен шәкірт туралы жазған өлеңі?
7. Тоғжан кім? Оған арнап жазған өлеңі.
8. Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдері.
9. Абай қандай тілдерді үйренді?
Сұрақтардың дұрыс жауабы тақтадан шығарылады.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Абай туралы айтылған ұлағатты сөздер:
Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

М. Жұмабаев: Шын хакім, сөздің асыл баға жетпес,
Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

А. Байтұрсынов: Абайдан асқан бұрын – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін қын жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.

Абай туралы жазған ақын - жазушылардың өлеңдерін оқу.
Хор: «Желсіз түнде жарық ай»
17 809
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың өмірі
Абайдың өмірі
Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Коныршина Ерсін Серікқызы
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы "Үздік ашық сабақ" номинациясы бойынша
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×