Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауаның маңызы

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ауасыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру, ауаның ластану жолдары, ауаны қорғау жөнінде мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы ауаның маңыздылығы ауаны қорғаудың нақты әдістері
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғау, ауылды көркейтуге әрбір оқушының үлес қосуы азаматтық парыз екендігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: СТО бағдарламасы бойынша өтілетін аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Дискуссия, пікір, сұрақ - жауап, ассоциация.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тірек сызбалар, суреттер, Венн диаграммасы, топтастыру, үнтаспа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Кезекшіден бүгінгі сабақта кім жоқ екенін сұрау, қазір қандай сабақ екенін сұрау.
- Қазір қандай сабақ?- Дүниетану сабағы.
- Ендеше, балалар, әлемдегі біздің еліміздегі болып жатқан, «Елдің елең еткізген жаңалықтарға» құлақ түрейікші. Соның бірі – 1, 2 желтоқсан күні Астанада болған Саммит. Тәуелсіз еліміздің ең биік жетістігі – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуы.
- Ал енді, балалар, бүгінгі сабағымыздағы екінші жаңалығымыз – Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 2010 - 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасына жолдама алуға, іске асуына өз үлесімізді қосуға арнаймыз.
- Сендер 2020 жылы неше жаста боласыңдар?
- Бұл бағдарлама – келешекке деген үміт, болашаққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі Бағдарлама.
Ендеше, сендер болашаққа бүгінде өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына - дей отырып сабағымызды бастаймыз.
б) Психологиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Гүл құрастыру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Ауаны қалай сезуге болады?
Ауаның түсі қандай?
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Неге жану үшін ауа қажет, дәлелдеу.
ә) Сауалнама арқылы үй тапсырмасын бекіту. (Жетон арқылы білімдерін тексеру)
Адам өміріне ең қажетті жағдайға не жатады?
А) машина Ә) ауа Б) ағаш
2. Еңбектің жауы не?
А) жалқаулық Ә) еңбекқор
Б) жауапсыздық
3. Адам денсаулығына зиян тигізетін нәрсе?
А) микроб Ә) су Б) сабын
4. Көкжиек дегеніміз не?
А) аспан
Ә) жазық дала
Б) көз жеткен кеңістік
5. Сұлба дегеніміз не?
А) сурет
Ә) карта
Б) заттың тұрған орнын көрсету
б) Сергіту сәті:
Қоршаған орта – табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парасат,
Білейік мұны жамағат.

ІІІ. Жаңа сабақ
а)«Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы жұмбақты шешу.
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар? - Сандықша.
- Балалар сандықшаның ішінде қандай жұмбақ жасырынып тұр екен, қарап көрейікші.
Бар ма жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
- Кәне, балалар жұмбақтың шешуін кім табады?- Ауа.
ә) «Топтастыру» стратегиясы
«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Су. Судың қасиеттері
Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×