Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жекеше және көпше түрі

13 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - класс
Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрі».
Сабақтың мақсаты:
Зат есімнің жекеше және көпше түрінің айтылуы мен жазылуын меңгерту.
Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту, сауатты жазуға жаттықтыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мазмұнына қатысты суреттер, тірек - сызбалар, тапсырмалар.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, топтау, жинақтау.

Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту:
- Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Дөңгелек, шеңбер, алма, күн, шар, жер, ай т. б.
- Біз қайда өмір сүріп жатырмыз?
- Жер бетінде...
- Ендеше, жер сөзіне сұрақ қой.
- Не?
- Қай сөз табы?
- Зат есім
- Жер қандай?
- Жер дөңгелек, дөңес, тегіс, шексіз, үлкен, кең.
- Жер әлемде нешеу?
- Жер әлемде біреу.
Жұмбақ: - Жердің ортасында не бар?
- «Е» дыбысы бар.
Ендеше, дәптерімізге «е» әрпін көркем етіп жазамыз.
Көркем жазу сәті: Ее Ее Ее
• Балалар, адам өміріне не қажет деп ойлайсыздар?
- Егер шөлдедің? - су
- Егер қарның ашты? - тамақ
- Егер қараңғы болса? - жарық
- Егер тұншығып қалғанда? - ауа
• Адам жақсы өмір сүру үшін тағы не керек?
- Машина, үй, ақша, теледидар, компьютер.
• Осы айтылған сөздерді хормен оқып шығайық.
- Ал енді осы сөздерге сұрақ қоямыз.
- Не?
• Осы сөздерді көпше түрде айтып көрейік.
су - сулар
тамақ - тамақтар
жарық - жарықтар
ауа - ауалар
машина - машиналар
үй - үйлер
ақша - ақшалар
теледидар - теледидарлар
компьютер - компъютерлер
- Көпше түрде айтылған сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Нелер?
- Осы заттарды кімдер пайдаланады?
- Адам, адамдар
- Оларға қандай сұрақтар қоямыз?
- Кім? Кімдер?
- Олай болса, кім, кімдер, не, нелер? - деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді зат есім дейміз.
Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.

Оқулықпен жұмыс.
400 - жаттығу.
Суреттегі заттарды, сөздерді салыстырып айырмашылығын анықтау.
Балапан - балапандар.
Қоян - қояндар
401 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздердің астын сызу, бұл сөздердің түбір күйіндегі қалпымен салыстыру, не байқағанын анықтау.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар.
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
Балалар, ағалар, апалар- деген сөздің түбірін айтыңдаршы?
Түбірі - аға, апа, лар - жалғау
402 - жаттығу.
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше зат есімнің астын сыз.
Ауданда суретші (- тер, - дер, - лер) жарысы өтті. Бала (- лер, - дар, - лар) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаз (- дар, - дер, - тар) ға сыйлық (- тар, - дер, - тер) тапсырылды.
• Танымдық тапсырма:
Мына зат есімдерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар.
Айна, көбелек, доп, оқушы, қайшы, дәрігер, бота, мал.

• Ой тұжырымдамасы:
1. Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.
2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді зат есімнің көшпе түрі дейміз. Көптік жалғаулары: - лар, лер, - дар, - дер, - тар, - тер

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
• Зат есім дегеніміз не?
а) Қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөздер.
ә) Заттың атын білдіретін сөздер.
• Зат есімнің астын сыз.
Аға әдепті болса - іні әдепті.
Апа әдепті болса - сіңілі әдепті.
• Көптік зат есімдітап
а) Оқушылар ә) Қала б) Дала
• Жалқы есімді тап
а) Журнал ә) Апам б) Астана
• Жалпы есімді тап
а) Орыс тілі ә) Көл б) Хасан
• Зат есім тобын тап
а) Кіші, мөлдір, тұщы
ә) Қаратау, орман, алма
б) Жүреді, қозғалады, ұшады
Сабақты бекіту: Ойын «Орамал тастамақ» зат есімнің жекеше, көпше түріне мысалдар келтіріп, сөйлем кұрату. Зат есім сөздерін жекеше түрінен көпше түрге айналдыру дағдыларын калыптастыру.
Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма:
23 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру. Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Зат есімнің көпше жекеше түрі
Зат есімнің көпше жекеше түрі
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×