Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - егемен ел (конференция сабақ)

30 шілде 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып

Тақырыбы: «Қазақстан - егемен ел» (слайд)
Мақсаты:
Білімдік - біліктік: Қазақстан – егемен ел тақырыбы туралы толық мағлұматтар ала отырып, өзі білімін жетілдіре түсуге машықтанады.
Ұштастыра дамытушылық: Өмірмен ұштастыра отырып, елді басқару органдарының басқаратын қызметкерлердің атқаратын жұмыстарымен танысу, елді басқару органдарының мүшелеріне еліктей отырып ойлау құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз Отанының адал азаматы болуға, адалдыққа, мейірбандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу..
Міндеті:
- елді басқару органның ерекшелігін тани білу;
- негіздемені мысал бойынша дәлелдеу;
- президенттің негізгі бағытын айқындау;
- сабаққа байланысты қосымша материалдарды пайдалану;
- шығармашылық жұмысты дайындату.
Типі: білімді қорыту, жүйелеу
Формасы: топпен
Көрнекілік: сызба, интерактивті тақта...
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, тарих..

Өзектілігі: қазіргі таңдағы адамзаттың рухани басқаруына арқау болып отырған негізгі мәселе – білімнің, оқудың аздығы, жас буынның білімге ден қоймауы, қызығушылықтың жетіспеушілігі сияқты мәселерді шешу жолдары.
Маңыздылығы: Елді басқару органдары туралы кең ауқымды ой тастауында.
Зерттеу әдістері:
- логикалық ойлау
- проблемалық іздендіру, дәлелдеу
- шығармашылық
- салыстыру
- анализ, синтез.
Зерттеу көздері:
1) Президент
2) Парламент
3) Сенат
4) Мәжіліс
5) Зерттеліп отырған тақырып бойынша әдеби, тарихи деректер.
Гипотеза
Елді басқару органдарының идеяларының сабақтастығы ғылыми тұрғыдан негізделіп, білім үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені жасалып, сабақта енгізілсе, онда бұл үрдіс бүгінгі жұмыстарының тиімділігіне септігін тигізеді, себебі дүниетанымы қалыптасқан, оқушының білімі терең және ой - өрісі кең жеке тұлғаны рухани бай дүние арқылы қалыптастыруға болады.
Нәтиже. Елді басқару органдарын жан - жақты қырынан таныту арқылы ұрпаққа өз елін басқаруға сенім ұялату.

Оқу үрдісінің тәртібі:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгін конференцияға Ресей, Америкадан, Қытайдан, Франциядан делегаттар келіп отыр. Делегаттарды(оқушылар) қарсы алу.

ІІ. Психологиялық кезең:
Ән ұранды айту. (1 - 2 - слайд)
- Құрметті делегаттар бүгінгі конференцияның тақырыбы:
«Қазақстан – егемен ел».
Конференцияның ұраны «Балалардың арманы – еліміздің болашағы!» Сіздер алдын ала конференцияда қандай мәселе көтерілетінін білгендіктен, сіздердің рұқсаттарыңызбен бірден сол мәселелерді қарастыруға көшсек деймін.

ІІІ. Үй тапсырмасын зерттеу: (3 - 6 слайд)
а) зерттеп келген жұмысын, жинаған ақпаратын қорғау:
- ғылыми жоба:
- реферат....
б) бекіту (7 - 12 слайд)

IV. Операциялық – орындаушылық (тәжірибелік) кезең:
а) Елді басқару органдарының жұмысы:
Қазақстанда барлық мерекелер өте көңілді тойланады. Ел халқы бір – бірлерін құттықтап, көшелер мен ғимараттар әшекейленеді. Бірақ Қазақстан үшін маңызды мерекелер бар. Сол мерекелерді атап өтейік
22 – наурыз – Наурыз мерекесі
- 16 - 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік күні басты мемлекеттік мереке.
25 – қазан – Республика күні. Республика күнін біз 1990 жылдан бастап тойлап келеміз.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда еліміздің ата заңы қабылданды. Сондықтан 30 тамыз мемлекеттік мереке болып тағайындалды - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
- 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі.
- 9 Мамыр – Жеңіс күні. Жеңіс күні - өте маңызды мереке. Бұл Отанымызды қорғаған күн.
- 1 мамыр мерекесі мен 9 мамыр мерекелерінде қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
- жыл сайын соғыс ардагерлерінің саны азайып келеді, болашақта 9 мамыр мерекесінің атауы өзгеріп немесе тойланбай қалуы мүмкін бе?
Егер сондай мәселе көтерілген болса заңға қандай өзгеріс енгізер едіңдер?
- президенттің қол қоюы.

V. Танымдық ақпараттық кезең
Тілшілердің қорытынды сұхбаты.
1. Қазіргі уақытта елімізде қандай ең өзекті мәселелер бар?
2. Өзекті мәселелердің бірі – мектеп, мектептер аз бұл мәселені қалай шешуге болады?
3. Менің сұрағым білім министрі Жұмағұлов мырзаға
Мектептерде тіл мәселесі қандай деңгейде?
4. Оқу - құралдары неге жеткіліксіз?
5. Келесі мәселе балабақша аздығы, шешу жолы қандай?
- «100 мектеп, 100 емхана», «Балапан» бағдарламасы
- Барлық іс - қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілсін...

VІ. Бекіту:
- Нағыз азамат болу дегеніміз не?
- Заңдарды кім шығарады?
- Әрбір азаматтың басты міндеті?

VІI. Рефлексиялық - бағалау кезеңі (пікір) Оқушы өзі шығармашылығын қорғауына байланысты және белсене қатысқан тұлғаны бағалау, мадақтау.

VІIІ. Үй тапсырмасын. Қазақстан халқы. (оқып талдау, зерттеу) материал жинау.
(Тақтада жазулы тұрады. Балалар өзі күнделіктеріне жазып алады.)
ІХ. Әр оқушы келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіру (әр бала бір күн шапағын алады да өз тілегін білдіріп, тақтаға барып іледі, ең соңында күннің суреті шығады).
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мамам
Болайын менде аман! – деп әнмен аяқтайды.
Ал құрметті қонақтар осымен конференциямыз аяқталды.
Делегаттар қоштасады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау туралы толық мағлұмат беру, өз білімін жетілдіре түсуге машықтандыру.
Тоқыма айқаспаның түрлері
Тоқыма айқаспаның түрлері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Дүниетану 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Этнопедагогика
Этнопедагогика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×