Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

01 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, пәнге қызығушылығын, таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін, логикалық ойлау,
салыстыру қабілеттерін дамыта отырып, ауызша және есептеу арқылы білім деңгейін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ойшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: өзіндік, жұптық жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
9м: 300 = 3м
600: 300 = 2
8ц: 400 = 2ц
400: 200 = 2
2м: 20дм= 1
10 жүзд.: 10 онд.= 10

III. Жаңа сабақ.
№1. 112*4=(100+10+2)*4= (тақтада оқушыларға түсіндіру)

№2. Түсіндіріп отырып шығар:
123*3=
212*4=
241*2=

№3. Мына сандарды 3 есе арттыр ( жұптық жұмыс)
231*3=693
303*3=909
331*3=993
121*3=363
221*3=663
313*3=339
131*3=393
332*3=996

№4. Бір шебер 1 сағатта 8 құмыра, ал екіншісі одан 2 құмыра аз бояйды. Шеберлер екеуі 6 сағатта неше құмыра бояйды?

I Шебер - 1 сағ 8 құмыра
6 сағ.-? құмыра бояйды?
II Шебер -? 2 құмыра аз
Шешуі:
(8+(8 - 2))*6=14*6=84
Ж: екеуі бірге 84 құмыра бояйды
№ 6 «Кім жылдам?»
Құмырсқаға фигураның ауданын табуға көмектес.

№7. Батпақ қырқылдақтың балапаны бір күнде 234 шіркей, ал бақаның баласы бір күнде 321 шіркей жейді. Бақаның баласы батпақ қырқылдағының балапанына қарағанда 3 күнде неше шіркей артық жейді?
Шарты:
Қырқылдақ балапаны - 234 шіркей
Бақаның баласы - 321 шіркей
3 күнде? артық
Шешуі: 234*3=702 (Қ) 321*3=963 (Б)
963 - 702=261
Жауабы: Бақаның баласы 3 күнде 261 шіркей артық жейді.

№ 9. Салыстыр (Өзіндік жұмыс. Орындап болғаннан кейін балалар бірін - бірі тексереді)
124*2 < 250
369: 3 < 132*2
224*2 < 242*2

№10. Есепте:
4м+122см*3= 7 м 66см
1кг - 322г*3= 34г
6м - 241см*2= 1м18см

№11. Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс)
369
1, 2, 3, 123, 133, 234
1*3*123=369

12. Қорытындылау. Кім жылдам?
193*0 =
213*4 =
215*3=
852*1 =
281*2=
216*2 =
114*6 =
121*1 =
213*3=
115*3 =
224*4 =
127*3 =

IV. Үйге тапсырма
V. Бағалау
4 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа,
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×