Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағыналары

02 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі. 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағыналары
Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру
2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу
Сабақ: аралас

І. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық).
ІІ. 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Сөз – дегеніміз не?
- Сөздер неден құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз.
Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ, оқушы, әдемі, он жеті, тоғыз, жүйрік.
Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
3. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім ережелерін еске түсіру.
4. Сөздердің мағынасын түсіндір.
Жол – жал – жыл – жел.
а ) Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?
Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді?
ә ) Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.
(жоқ, жан, жыр, жем )
5. Ойын « Ойлан тап!»
Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын буынды тап.
қал ------- быс
бал ------- мақ
ма -------- лант
(табыс, талант сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру)
6. Жаңа сабақ « Сөз және оның мағынасы»
7. 201 – жаттығу. (а - а)
Жуық мағыналы сөздер, оларды бірінің орнына бірін қолдануға болады.
202 - жаттығу
а) көп нүктенің орнына мәндес сөздер тауып жаз.
ә) мәндес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
1. Әдемі, сұлу, көркем.
2. бет, ажар, келбет өң.
3. ынтымақ, бірлік, достық.
4. қатігез, ұшқалақ, жеңілтек.
8. Сергіту сәті. Сөзжұмбақ «С - дан басталатын 8 сөз»
1. Сұйық зат
2. Заттың атауы
3. Дақыл атауы
4. Облыс атауы
5. Қарудың бірі
6. Жоғарғы оқу оқушысы
7. Жыртқыш аң
8. Студентке төленетін ақы

9. Тақтамен жұмыс.
а) Сөйлемдерді түсініп оқы.
ә) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір

10. Сөз туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Еске түсірейік.
Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқып көрейік.
1. С...- с... ө..., т... е... ө. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
2. А... с..., а.. о... т... Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
3. м...- с... к... Мақал - сөздің көркі.

ІІІ. Рефлексиялық жаттығу.
Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін - өзі бағалауға мүмкіндік беру.
3 - 4 оқушының өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. (сын айтуға болмайды )
Сонымен біздер бүгінгі сабақта не туралы айттық?
- Сөздер туралы не білдік?
Үйге тапсырма
38 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×