Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

06 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем және оның түрлерін еске түсіру, сөйлем туралы алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сауатты және көркем жазуға баулу. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, ой - қозғау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең:
1. Оқушылар шеңбер құрады
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Қуанышым, бақытым, дара тілім.
2. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Ой қозғау
Сөзжұмбақ шешу
1. Иесі оның сәби әрі төсек, әрі үй. /бесік/
2. Жанғыш пайдалы қазба /көмір/
3. Өзіңді қайдан көресің? /айна/
4. Ешкінің төлі /лақ/
5. Қыста киетін аяқ киім. /етік/
6. Сәуір айынан кейінгі келетін ай /мамыр/
- Ендеше балалар, ортадағы қызыл жолақтан қандай сөз шықты? / Сөйлем/
Олай болса, бүгінгі сабақта біз сөйлем және оның түрлері туралы алған білімімізді ортаға саламыз.

ІІІ. Жаңа сабақ
1 - жаттығу. Оқулықпен жұмыс
Мәтінде неше сөйлем бар екенін айт. / бір оқушыға оқыту неше сөйлем бар екенін сұрау, ойын дәлелдету/
Әр сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаздыру
Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған.
2 - жаттығу
Диалогті оқы. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтау
- Ата, ең қымбат нәрсе не? /сұраулы сөйлем/
- Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ. /хабарлы сөйлем/
- Неге? /сұрақ/
- Сенің кіндік қаның тамған топырақ осында! /лепті сөйлем/
Екінші диалогті екі оқушыға оқыту
Мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелде
- Балнұржан, айқайлама. Ашу шақырып ешкіммен айқасласпа! /Бұл жай сөйлем, себебі бір ғана аяқталған ойды білдіріп тұр/
- Онда ма, онда ашу киліккен соң, ақылың қашып кетеді. Ақылсыз істелген істе береке, қайыр болмайды, уақытың зая кетеді. / Бұл құрмалас сөйлем, себебі екі жай сөйлемнен құралып тұр. Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер үтір арқылы жазылады./

ІV. Сергіту сәті: Музыкамен ырғақ.
3 - жаттығу Тақтамен жұмыс
Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазу.
Күн жылынды. Көк шықты. Күн жылынып, көк шықты.
Күн бұлттанды. Жаңбыр жауды. Күн бұлттанды да, жаңбыр жауды.
Ауылға ақындар келді. Кеште кездесу болды. Ауылға ақындар келген соң, кеште кездесу болды.
4 - жаттығу Мақалдарды жатқа жаз. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелде.
1. Ердің атын еңбек шығарар. /жай сөйлдем/
2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен. /құрмалас сөйлем/

V. Қорытындылау:
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жуванова Айсара
12 773
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Қозы-қошақандар. Жіңішке дауыстылар
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×