Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Қазақ тілі 4 сынып

Мақсаты:
1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау;
2. баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
3. ұқыптылыққа, бейімділікке, әдептілікке баулу, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Түрі: түсіндіру, талдау
Әдісі: сұрақ – жауап. әңгімелеу
Көрнекілік: суреттер, жазылған сөздер, кестелер
Күтілетін нәтиже: сөйлем, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін байытады, оқу – жазу дағдылары қалыптасады, оқуға деген құштарлықтары артады.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
- Әрбір адам? Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік
Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе (слайд )
- Сөйлем деген не?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
1. Оқулықпен жұмыс.
2. 1 - жаттығу. ( слайд ) түрінде талданып, түсіндіріледі. Екі бағандағы берілген сөйлемдерді оқып, оларды салыстыру. Сөйлемдердің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін табу. Сөйлемдерді көшіріп, бастауышы мен баяндауышын тауып, астарын сызу.
Мысалы: Тұз – қасиетті зат.

Саятшылық – ел өміріндегі қастерлі салт, сондықтан оның ерекшеліктерін жастар білуі қажет.
3. Ережемен таныстыру
А) Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Мысалы: Асан мектепке келді.
В) Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.
Мысалы: Әсел сабақтан келді де, анасына көмектесті.
4. 2 – жаттығу ( слайд ) арқылы орындалады. Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.
Дыбыс естісе қашады,
Қырқаны бір – ақ асады. ( қоян )
Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. (бульдозер )

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. ( жаңғырық)

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. ( мұз )

5. 3 – жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айту.
Ердің атын еңбек шығарар. ( 1 жай сөйлем )
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді. (2 жай сөйлем )
Достықтың төлеуі – достық. (1 жай сөйлем )

6. Шығармашылық тапсырмалар (слайд )

7. Қорытынды:
- Жай сөйлем деген не?
- Құрмалас сөйлем қалай жасалады?
- Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
- Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма: ережені жаттап келу, 5 – жаттығу.
32 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×