Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шыбынсыз жаз

09 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз
Сілтеме: Орта мерзімді жоспар, оқулық
Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шілдедегі өзгерістерді байқай отырып, тақырыптың мағынасын ашу, диалогты оқыту әдісін қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту.
Оқытудың мақсаты: Ана тілі сабағында білім берудің жаңа әдіс - тәсілдері арқылы жеті модульді ықпалдастыра отырып, еркін сөйлеуге, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.
Міндеті:
1. Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу.
2. Табиғатқа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін мен табиғатты аялауға баулу.
Оқыту нәтижелері:
1. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, жаз мезгілінің табиғатының ерекшелігіне өз ойларын жүйелі жеткізе біледі.
2. Тіркес сөздердің мәнін ашып, мағынасын түсінеді.
Тапсырмалар Ой қозғау, салыстыру, зерттеушілік әңгіме, жұптық жұмыс, топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Кейінгі тапсырма Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
- Балалар, сабақты жақсы өткізу үшін өзімізге жақсы көтеріңкі көңіл - күй тілейік.
Психологиялық дайындық
Балалар (хормен)
- 1, 2, 3, 4
- 3, 4, 1, 2
- Кім алда?
- Біз алда!
- Кім биікте?
- Біз биікте!
- Біз кішкентай ұландар!
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Олар қандай?
- Олай, болса осы төрт мезгілге байланысты көктем, жаз, күз, қыс болып бөлінесіңдер.
Көшбасшыны тағайындау. Бағалау бетшесін тарату.
- Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
1. Мұғалімді тыңдау.
2. Уақытқа бағыну.
3. Бір - бірімізді тыңдау.
4. Толық жауап беру.
5. Достарыңды сыйлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Абай атаның жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін естеріне түсірту. Ақынның жаз мезгілі өлеңін жатқа сұрау. Жаз мезгілін ақын тілімен сипаттату.
Ой қозғау.
«Шілде» мәтіні бойынша топтарға бір - біріне сұрақ қойғызу.
а) Жазда қандай өзгерістер болады?
ә) Ел жайлауда қандай қызықтар болады?
б) Балалар жайлауды неге қиялмай жүр?
в) Олар қайда барады?
Жоспар бойынша мәтінді бөліктерге бөліп, ат қойдыру. Шілде айы туралы әңгімелету.
Топтастыру.
Жаз мезгілін әр топ топтастырып постер жасап қорғайды.
- Балалар, енді бір сәт өздеріңді ақынмын деп ойлаңдар да, жаз туралы мына сөйлемдерді толықтырып, өз әсерлеріңді білдіре қойыңдар.
«Сөйлемді толықтыр».
Ж Мен................ естідім.
А Мен................ көрдім.
З Мен................ қуандым.
Д Мен................. таңқалдым.
А Мен................. армандадым.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау
– Ал, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын тыңдаймыз:
Шидім - шидім шидім құс
Ши басына қонған құс
Қарқырауық қара құс
Хан басына қонған құс (Ол не? Шыбын)
– Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымызда Сәбит Мұханов ағамыздың «Шыбынсыз жаз» мәтінімен танысамыз.
- Балалар қалай ойлайсыңдар шыбынсыз жаз бола ма? (Иә)
Күннің жадын, тақырыпты жаздыру.
1. Автор туралы айту.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
3. Іштей оқу, жалғастырып оқу.
4. Венн диаграммасы. М. Дулатовпен С. Мұқановтың шығармаларын салыстырту
Сергіту сәті
Стикерлер тобы
Бұл қалай жұмыс істейді:
1. Әрбір топқа жұмыс парағы беріледі. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).
2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.
3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру.
Оқушылар топ бойынша бір - біріне тақырыпқа байланысты мақал - мәтелден ребус жасырып шешу.
Сұрақ - жауап.
- Сонымен, балалар «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесіңдер?
С. Мұқанов«Шыбынсыз жаз» тіркесіне байланысты кімді есіне алады?
- Қалайша?(Абай «Сөзімде жаз бар шыбынсыз»)
- Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?

Ү. Бекіту: - Жақсы балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, мұнда сұрағы бар қорап. Мұнда сендер өз сұрақтарыңды қалдыра аласыңдар. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Оқушылар сұрақтарын қалдырады.
Мысалы: - Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
- Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
- Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/мәтіннен түсінбеу.
Оқушыларды топ басшысы бағалайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, әңгімелеу.
13 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Мәтіннің мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын молайту.
Шыбынсыз жаз
Шыбынсыз жаз
Табиғатқа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін мен табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру.
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тураева Гульнара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×