Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

27 тамыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Пәндік нәтиже: сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Тұлғалық нәтиже: берілген тапсырмалар бойынша салыстыру, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдана білу; өз күшіне деген сенімділігін арттыру;
Жүйелі – әрекеттік нәтиже: сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима - қағаздар, кесте
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО, сөзжұмбақ, топтастыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.

II. Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
Кіріспе
- Балалар! Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
- Еліміздің президенті кім?
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуына үлкен қадамдар жасалып отыр. Еңселікке елулікке кіру үшін біз қандай болуымыз қажет?
- Білімді болуымыз керек.
Білімді болу дегеніміз – бәрінен бұрын адам болу деген сөз екен. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Тәуелсіз ел – тірегі білімді ұрпақ болу өздеріңнің қолдарыңда!
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
- дей келе қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын « Бәйге» ойынымен тексеру:
«10» Заттың қимыл іс - әрекетін білдіретін сөздерді тап
« 20» Заттың атын білдіретін сөздерге сәйкес, заттың қимыл - іс әрекетін білдіретін сөздерді тауып жаз.
«30» Етістік дегеніміз не?
«20 « Етістіктің сұрақтары
«30» Етістіктері бар өлең шумағын айт.
Үй тапсырмасын бекіту

Жаңа сабақ «Сын есім»
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Әдемі сөзіне мәндес сөз
2. Естиміз, айтамыз
3. «Қысқа» сөзіне қарама қарсы сөз
4. Сөз таптарының бірі
5. Заттың түсін білдіретін сөз
6. Көреміз, жазамыз, оқимыз
7. Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу, бірнеше сөйлемнен құралады

- Балалар бұған дейін біз сын есімді заттың сынын білдіретін сөздер деп оқып келдік. Сын есімдердің сұрақтарымен таныстық. Енді сол ұғымымыз кеңейтіліп, заттың сынын білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
«Кестелер жинағы» арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
1 - тапсырма. «Артығын тап»
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2 - тапсырма. Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

3 - тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Сын есімдерді пайдаланып «Ана» тақырыбында шығарма жазу.

4 - тапсырма.«Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.
Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
ашулы арыстан - ызалы арыстан
- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.
- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.
Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.
Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
(Жұрнақ арқылы жасалған.)

5 - тапсырма. «Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көрсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
БҰҰ - стратегиясы
--------------------
Қорытындылау
- Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
Бағалау, мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.
Үйге тапсырма
1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;
2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.
12 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Сын есім
Сын есім
Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Сын есім
Сын есім
№78 жалпы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Өтемұрат Әсемгул Елеусінқызы
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×