Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылар шығармашылығынан үзінділер

05 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әжетай
Әже сізге қуаныш
Сыйлап өтем мәңгілік
Сіздегі ақ жаулықты
Жүрем әр кез ән қылып

Ата
Жақсы көрем атамды
Көп нәрсені білетін
Сабақ қиын болғанда
Көмектесіп жүретін

Туған жерім
Туған жер менің ата – анам
Туған тілде білім алам
Туған тілсіз білім жоқ
Туған жерсіз – күнің жоқ.

Жетісайым
Жетісайым нұр қала
Жер жәннаты сен ғана!
Өзіңе арнап ән салам
Бар әлемге жар салам

Ана
Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған
Кеше біздер бала едік
Өсіп қалыппыз енді анам!

Мектебім!
Мектеп менің мекенім
Оқу үшін кеп едім
Білім алып ұстазымнан
Жаныма дән себемін
Рахматуллаева Гүлшат

Ұстазым
Білім бердің ұстазым
Білімді бол деп, сіз маған
Болашаққа ұсынып,
Тәрбие бердің ұстазым
Кемалова Құралай

Ұстазым
Ұстазым менің ұстазым
Қолма қалам ұстаттың
Сауатымды аштырдың
Дүниені маған таныттың

Ақ Әжем
Әжем менің ақ әжем
Балдай тәтті жан әжем
Немерем деп аямаған
Бар тәттісін аямаған
Асанов Тойлан

Алғашқы – ұстазым

Ақ көңілден сізге арналады бұл әнім
Биікке сізді қоямын
Тәлім мен тәрбие сізден аламын
Адамдықты маған үйреткен
Алғашқы менің ұстазым

Өмірдегі ең қымбат
Ана менен Ұстаз ғой
Ақылын бізден аямай
Биікке бізді жетелейтін
Алғашқы менің ұстазым
Нұрбаулова Гүлзина
5 664
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали атама
Мұқағали атама
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылы, Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебінің 7 – сынып оқушысы Қожамберген Айзере
Жан анашым (студент шығармашылығынан)
Жан анашым (студент шығармашылығынан)
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Әміржанова Меруерт
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан кейінгі ой
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан кейінгі ой
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы №164 орта мектебі 9 - сынып оқушысы Тәжібай Елжас
Жер анаға хат
Жер анаға хат
Жер – Ана біз сізді жақсы көреміз. Сіз бізді, бүкіл әлемді, табиғатты жараттыңыз. Сол үшін мен сізге ризамын. Біздің сыныптағы оқушылар да сізге риза. Сіз адамдарға бақыт, молшылық, құт - береке, ырыс әкелесіз. Жер бетіне тыныштық сыйлайсыз. Сол
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Жастық жалыны (өлеңдер)
Жастық жалыны (өлеңдер)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×