Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді тиянақтау

15 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру;
Ә) дамытушылық: тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Б) тәрбиелік: әсемдікке баулу, алға қойған мақсаттарына жетуге ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (саяхат сабақ)
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, Алматы қаласының суреттері, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- түгендеу;
- кабинет тазалығын тексеру;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

Психологиялық дайындық:
- Балалар бүгінгі сабағымызда еліміздің қалаларын аралап, саяхат жасаймыз.
- Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа – райын біліп алайық. Күн ашық болу үшін тапсырма орындаймыз. Яғни, біз бүгін күннің үстін басқан бұлттардан арылтамыз. Әр бұлтты алып, артындағы тапсырманы орындаймыз. Күн бұлтты болса саяхатқа шыға алмай қаламыз.

19+9=2837+7=4455+8=6350 - 8=4264+16=80
42+38=8228+32=6046+14=6060 - 5=5530 - 7=23

- Біз қай ауылда тұрамыз?
- Талдыбұлақ ауылында тұрамыз.
- Олай болса, Талдыбұлақтан Алматыға бару үшін автобусқа отырамыз. Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «Үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар, сендерге сәттілік.

III. Жаңа сабақ:
Балалар біз Алматыға жеткенше 12 сағатымыз бар. Сол уақытымызды бос өткізбей жаңа сабағымызды түсініп алайық.

1 - мысал. Тұйықталмаған әр сынық сызықтың буындарын өлшеу.
Олардың әрқайсысының буындары ұзындықтарының қосындысын табу.
Тұйықталмаған сынық сызықтың әрқайсысының ұзындығы неше сантиметр?

- Балалар біз Алматыға да келіп жеттік. Ондағы көрікті жерлеріміздің бірі Медеу мұз айдыны. Оған кіру үшін билет алуымыз керек. Билетті алу үшін мына тапсырманы орындау қажет. Кәне, кім бізге сол билетті алып береді?
2 - мысал.
Фигура құрастыру: үш кесіндіден; ә) екі сәуледен; б) екі түзуден.
Оны қалай атауға болады?
3 - мысал.
Шешуі: Хайуанаттар паркінде 28 жыртқыш аң бар. Оның 8 - і жолбарыс
және 9 - ы арыстан, ал қалғандары қабыландар.
Сұрағы: Хайуанаттар паркінде неше қабылан бар?
Шешуі: (28 - 8)- 9=20 - 9=11 / 28 -(8+9)=28 - 17=11
Жауабы: Хайуанаттар паркінде 11 қабылан бар.

- Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Тәуелсіздік алаңына кіру үшін билет алайық. Ол үшін келесі тапсырманы орындау қажет.
4 - мысал. Салыстыру:
1сағ 45 мин * 2 сағ 45 мин
1сағ 45 мин * 1 сағ 40 мин
2 тәул. 7сағ * 2 тәул. 6 сағ.
2 тәул. 7сағ * 3 тәул. 7 сағ.
- Келесі баратын жеріміз цирк. Циркке кіруге бізге билетті кім әпереді екен?
5 - мысал.
Шешуі: Ұзындығы 46 м жуан сым және ұзындығы 34 м жіңішке
сым бар еді. 9 м сым жұмсалды.
Сұрағы: Неше метр сым қалды?
Шешуі: (46+34)- 9=80 - 9=71;
Жауабы: 71 метр сым қалды.
6 - мысал.
Мыналарға тең болатын сандарды жазу:
3 онд. 5 бірл. + 4 онд. = 39;
2 онд. 5 бірл. + 4 бірл. = 29;
3 онд. 6 бірл. +4 бірл. = 40;
7 онд. - 2 онд. 3 бірл. = 47;
3 онд. 9 бірл. + 7 бірл. = 46;

8 онд. 2 бірл. - 5 онд. = 77;
9 онд. 7 бірл. - 5 бірл. = 92;
8 онд. - 7 бірл. = 73;
3 онд. 2 бірл. + 4 онд. 8 бірл.= 80;
5 онд. 3 бірл. - 8 бірл. = 45;
7 - мысал.
Сандарды оқу. Олардың әрқайсысында неше ондық және неше бірлік бар. Сол жақтағы бағандарда барлығы неше ондық бар?
Оң жақтағы бағандарда барлығы неше бірлік бар?
Әр санды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазу.
Ондық ---- бірлік
2 ------------ 3
3 ------------ 5
1 ------------ 8
4 ------------ 9
--------------- 6
- Балалар, бүгін біздің сабағымызда Алматы қаласының біраз жерлерін аралады. Ал енді елімізге қайтайық. Автобуста жалықпау үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.
Сабақты қорытындылау:
«Кім жылдам?» ойынын ойнау.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
8 394
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру; есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру. дамытушылық: Есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2 – ге көбейту кестесі
2 – ге көбейту кестесі
«Тараз қаласы, М. Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектібаева Жұлдызай Икарамқызы
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Бекарыстан би кеңшары Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×