Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауышым - балбұлағым

07 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы

Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым»
Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту

Міндеттері:
1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толу қарсаңында бастауыш білім сатысынан орта буынға өтетін кезеңін есте қаларлықтай өткізуге жағдай жасау.
2. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру, өнер - білімдерін ортаға салу
3. Ұстазға, ата - анаға, мектепке, бір - біріне деген құрметке тәрбиелеу.
Барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,
Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!

1 - жүргізуші: Ғали Ормановтың «Қанатты халық» өлеңін мәнеріне келтіріп оқып береді
2 - жүргізуші: Бүгін Егінсу орта мектебінде дүбірлі той!
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата аналар қоян жылы,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

1 - жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой - санама еккенің.

2 - жүргізуші: Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
1 - жүргізуші: Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

2 - жүргізуші: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр.

1 - жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1 - жүргізуші: «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп «Талаптарыңа нұр жаусын!» бөлімін бастаймыз!
2 - жүргізуші: Биылғы жыл еліміздің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толу қарсаңында бастауыш мектепті аяқтап отырған түлектерімізді қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен ортада сыныптарды ұстаздарымен қошеметтеп қояйық!

1 - жүргізуші: Ән - шашу: хор «Туған ел»
1. Армысыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар.
2. Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады біздерден.

3. Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Әнмен шашу шашайық.

4. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәрімізбен
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл - гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
5. Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

6. Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
7. Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.

8. Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
9. Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?

10. Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
11. Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.

2 - жүргізуші: Абайдың әні «Айттым сәлем, Қаламқас»
1 - жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
2 - жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені ол көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

2 - жүргізуші: Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
12. Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді

13. Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім

14. Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!

15. Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.

16. Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!

17. Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!

18. Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім

19. Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз - ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

20. Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырған.

Толық нұсқасын жүктеу
28 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Сценарий: Бастауышым – балдәуренім
Бастауышым--балдәуренім. Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×