Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемнің жеті кереметі

16 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет.
Мақсаты: Әлемнің мәдени – тарихи мұрасы - әлемнің жеті кереметімен таныстыру; өз ойларын талқылау; топта жұмыс жасай алу.
Күтілетін нәтижесі: Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштермен танысады, кереметтердің бәрі адам қолымен шыққандығын, яғни адамның ақыл – ойының дамып, қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғынады, сұлулықты сезіне біледі, тарихи құнды ескерткіштерді сақтау керектігін ұғынады.
Тапсырма негіздері: Оқулықтағы практикалық жұмыс (9 - 10 бет). Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау, ойларын ортаға салу, топқа бейімделу; Оқулықпен жұмыс; Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: Ғаламтордан «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәлімет туралы мәліметтер қарастыру. Проектор, www. google. com сайтына кіреді.
Сабақтың көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі» суреттері, бағалау парақшалары мен критерийлері, кері байланыс парақшасы, бор, тақта, түсті суреттер, маркер, плакат, интереактивті тақта.
Сабақта орындалатын тәсілдер: Графикалық диктант, топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, тест тапсырмасы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, көңіл – күйлерін көтеру сәті.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Графикалық диктант.
1. Егер берілген пікірмен келіссеңдер, үшбұрыш белгісін, ал келіспесеңдер, төртбұрыш белгісін – қойыңдар.
2. Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.
3. Адам – табиғатты билеп төстеуші, бағындырушы.
4. Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға табынған.
5. Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, монеталар – «тарихи ескерткіштер».
6. Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.
Жауаптар:
Оқушылар бір – бірінің жауаптарын тексереді.
Кешегі күнге рефлекцияға қысқаша тоқталамын.
Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру.
Мәтінді мазмұндау. Адамның еңбегі туралы бақылауларын бақылау күнделігіне жазып келу.

Жаңа тақырыпты меңгеру.
1. Көрнекілікпен жұмыс.
«Жердің асыл қазыналары адамзаттың қорғауында» деген плакат ілінеді.
- Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Пікірталас өткіземін.
2. Қысқаша шолу.
- Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Олар бүгінгі күнге дейін өздерінің өлшемі, сұлулығы, жасалу техникасы адамдарды таң қалдырып келеді. Солардың бірі - «Әлемнің жеті кереметі». өкінішке қарай ол ескерткіштерді адамдар бұзып, бүлдіру салдарынан сақталмады. Сондықтан біз оларды көре алмаймыз. Жеті кереметтің бірі - Мысыр пирамидалары бүгінгі күнге жетіп отыр. Сондықтан бағасы жоқ қазыналарды сақтау мақсатында олар Әлемдік мәдениет пен өнер мұрасы ретінде саналып, қорғауға алынды.
Топқа бөлу. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс.
Үш топ мәтіннің үш бөлігін оқиды.
Ойлану: топтарға тапсырмалар беремін.
1 - топ: Қазақстанның табиғи мұралары туралы жазады.
2 - топ: Қазақстанның мәдени мұралары туралы жазады.
3 топ: Мәтінді оқып, өз топтарында ақылдасып, плакатқа ойларын жазып, түсіреді, қорғайды.
Қазақстан мұралары
• Табиғи
Балқаш көлі
Ескіден қалған
Шетен тоғайы
Тянь-Шань шыршалары
Шарын шатқылы
• Мәдени
Алматыдағы Кафедралық шіркеу
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Айша бибі кесенесі
Арыстан баб кесенесі
Қарахан кесенесі

Сергіту сәті. «Астананың ауа - райы» тренингін жасатамын
Жүзеге асыру.
Топтар өз ойларын ортаға қорғайды. Әр топтың оқушылары келесі топ оқушыларына сұрақ қойып, ұсыныстарын айтуға болады.
Интерактивті тақтадан Қазақстан табиғи - мәдени мұраларының суреттері көрсетіледі.
«Аялдама» әдісі, сызба құрастыру, ашық сұрақтар.

Мәтінді бекіту:
Мәтіннің соңындағы сұрақтар қойылады.
1. Саған әлемнің қай кереметі ұнады? Неге?
2. Әлем кереметтерінің бірі жайлы кім әңгімелеп береді?
3. Әлемнің тағы қандай кереметтерін білесіңдер?

Сабақты бекіту.
Дәптермен жұмыс(өзіндік жұмыс)
Шығармашылық жұмыс.
Сабақты қорытындылау: кері байланыс жасаймын.
- Балалар бүгін сабақта ұнаған жайттарды күліп тұрған, яғни «алақай» деген смайликтерге,
- Ұнамаған жайттарды ашуланып тұрған смайликте «әттеген - ай» жазу бар осы смайликке жазасыңдар, ал айтатын ұсыныстарың мен сұрақтарың болса ойланып тұрған смайликтерге «айтарым бар...» деген смайликтерге жазып, тақтаға магниттермен жабыстырып қойыңдар.
Оқушылар тақтаға жабыстырады.
Үйге тапсырма:
Мәтінді мазмұндау. Зерттеу жұмысы: өзің тұратын өңірде қандай ежелгі құрылыстар барын іздеу (кітапханадан немесе ғаламтордан)
Бағалау: топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Топ басшының бағалауы мен өз – өздеріңді бағалаған парақшаларыңды күнделіктеріңе салып маған бересіңдер, мен қортынды бағамды қойып беремін. Сабақта белсенділік танытқандарың үшін рахмет!
7 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті қасиетті сан
Жеті қасиетті сан
Әлемнің жеті кереметімен, жаңа әлемнің, жеті санының тылсым табиғатымен, Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.
Қазақстанның жеті кереметі!
Қазақстанның жеті кереметі!
Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Адамды адам еткен еңбек
Адамды адам еткен еңбек
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Сәулет өнері
Сәулет өнері
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×