Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері

09 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Мақсаты: Оқушылар Қазақстанның мәдени – тарихи ескерткіштерімен танысуы; Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары туралы түсініктің қалыптасуы; қазақ халқының тарихымен қысқаша танысу, өз ойларын талқылау; топта жұмыс жасай алу.
Күтілетін нәтижесі: Қазақстанның мәдени – тарихи ескерткіштерімен танысады, топпен жұмыс жасау барысында бүгінгі сабақтың негізгі идеясын ашады және тарихқа қысқаша шолу жасай отырып, археологиялық қазба жұмыстары туралы түсінік қалыптастырады; мәдени ескерткіштерге деген көзқарастары қалыптасады, туындыларға құрметпен қарауды сезінеді.
Тапсырма негіздері: Оқулықтағы практикалық жұмыс
(11 - 13 бет)
Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау,
ойларын ортаға салу, топқа бейімделу;
Оқулықпен жұмыс;
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар ғаламтордан сақ тайпасы, алтын адам туралы мәліметтер қарастыру.
Проектор, www. google. com сайтына кіреді
Сабақтың көрнекілігі: Бағалау парақшалары мен критерийлері, кері байланыс парақшасы, бор, тақта, түсті суреттер, маркер, плакат, интерактивті тақта.
Сабақта орындалатын тәсілдер: Топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, тест тапсырмасы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, көңіл – күйлерін көтеру сәті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бізде қазір дүниетану сабағы, өзге күндерге қарағанда ерекше, себебі сыныбымызда қонақтар отыр. Біз өзіміздің біліміміздің жоғары екенін дәлелдеп көрсете білетін күн болып тұр.
Топқа бөлу.
1. Археолог болғым келеді деген оқушылар 1 - ші қатарға отырсын.
2. Өнер иесі болғым келеді деген оқушылар 2 - ші қатарға отырсын.
3. Мен елімді қорғар азаматы болғым келеді деген оқушылар 3 - ші қатарға отырсын.
Кешегі күнге рефлекцияға қысқаша тоқталамын.
Көңіл – күйлерін көтеру сәті:
Ендеше сабаққа кіріспей тұрып, көңіл – күйімізді көтеру үшін «Қаражорға» әніне билеп алайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Кім әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет жинап келді екен?
2. Кім зерттеу жұмысы: тарихи жинақтар, энциклопедиялар және ғаламтордан әлемнің жеті кереметі туралы тауып оқып келді екен?
3. Қызықты мәліметтерді дәптерге кім жазып келді екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстандағы мәдени мұралармен таныстыру.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
ХХ ғасырдың 1 - жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан - жақты түсінуге жағдай туғызу.
Әлемнің жеті кереметі
Әлемнің жеті кереметі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Адамды адам еткен еңбек
Адамды адам еткен еңбек
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×