Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жылу» Фариза Оңғарсынова

17 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: «Жылу». Фариза Оңғарсынова
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмысты талдау, салыстыру. Сауалнамалық әдіс.
Сабақ типі: Жаңа білімді бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Фариза Оңғарсынова суреті, сауалнамалық тапсырмалар сұрақтары, Венн диаграммасы, магнитофон, суреттер, буклеттер.
Сабақ міндеттері: Оқушылардың шығармашылық қиялын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың білімділік мақсаты: Жерлес ақын, депутат Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын таба білуге үйрету. Сабақты өмірмен байланыстыру. Мәнерлеп, дұрыс оқуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың сүйікті аналарына деген балалық махаббатын, құрметтеу, ардақтау сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру сәті.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мәтінді бөлімдерге бөлгізіп, оларға ат қойғызып, әр бөліктің негізгі ойын тапқызып, қысқаша баяндау.
2. Кейіпкерлерді атату; мінездеме бергізу Нұржанға;
3. «Менің қамқорлап жүрген жануарым» тақырыбына жазған шығармаларын тыңдау.
III. Бағалау.
IV. Бекіту.
Мәтіннің тәрбиелік мәні неде?

V. Жаңа білімді түсіндіру.
1. Үнтаспадан Н. Өнербаевтың орындауындағы «Анашым» әнін тыңдау.
2. Кіріспе әңгіме. Сұрақ - жауап әдісі.
- Балалар, қазіргі тыңдаған әндерің кім жайында?
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниедегі жақсылықтың бәрін, нәресте көзімде анадан үйренеміз. Ең алғашқы сөзді, ана тілінде дұрыс сөйлеуді үйретеді.
1. Біздің ана тіліміз қай тіл?
2. Аналар мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?
3. Көктемнің ең алғашқы гүлін кім атайды?
- Бәйшешек соналықты нәзіктігіне қарамастан, әлі еріп кетпеген қалың қардың астынан бүршік жарып шығады. Біздің аналарымыз да өмірдің қиындығына қарамастан, нәзікте болса, жеңіп шығады: Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды.
К. Дөненбаева кім? (диқаншы, тракторист)
С. Савицкая? (ғарышкер)
4. Олардың бәрін ортақ қасиет не?
5. Ананың жылуын, сендерге деген қамқорлығын қалай сезіп байқайсыңдар? (сөздерінен, көмегінен, қимылынан, ботақаным, құлыншағым, айналайын)
6. Ананың балаға беретін жылуын немен салыстыруға болады?
3. Ф. Оңғарсынова туралы қысқаша әңгімелеу. Өлеңді талдап түсіндіру.
1. Бұл суреттегі кім?
2. Оны кім ретінде білесіңдер?
3. 1 - сыныпта оның қандай өлеңін оқып, танысып едік? Бөлісе айтқызу. «Ботақаным».

- Фариза Оңғарсынова 1939ж. 25. ХІІ. Гуьев облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ақындық өнері ерте қалыптасқан. 1961ж. Гурьев пед. институтын бітіріп, 1961 - 1966ж. аралығында мектепке мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс жасаған. Ең алғашқы өлеңдер жинағы 1966ж. «Сандуғаш» деген атпен жарық көрген. Фариза ақындық, аудармашылық жолға түсіп, Қазақстан Республикасы Парламент Депутаттығына Дейін көтерілген. Мемлекет Қайраткеріне айналды.
Балықшылар туралы «Сандуғаш», мұнайшылар ерлік еңбегіне арналған «Маңғыстау маржандары», М. Өтемісұлына арналған «Алмас қылыш» шығармаларын жазған. Шығармалары бүгінгі замандастар өміріне, достық пен адамгершілікке арналған.
23 қаңтар 2014 жылы Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті. (Үнтаспадан Ф. Оңғарсынованың осы өлеңді оқығанын тыңдату).

Атырауға арашашы болған қыз
Атыраудың елді мекендері су астында қалып, халқының қасіретін іштей сезініп жүрген апамыз, өзінің ойын «Егеменді Қазақстан» газетіне беріп, содан қор құрылып, Атырау өлкесіне көптеген көмек қолы ұсынылды. Бүгінде Атырауда болып жатқан өзгерістерде Фариза апамыздың да үлесі бар дейміз.

VI. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Анасына деген сүйіспеншілігін буклеттегі суреттер арқылы түсіндіру.

VII. Сөздік жұмысын жүргізу. Оқушылар өздері белгілеп сұрақ қойды.
1. Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның – таң мекен.
Жаңа атқан таңның келуін қандай асыға күтсек, ананың жылы құшағына да сондай асығып жетуді аңсаймыз.
2. Мейірім – нұр төгілген,
Күн көзіндей жанары.
Ақын күннің құдіреттілігін, жылуын ананың баласына беретін жылуымен теңестіреді.
VIII. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп, саналы түрде, дұрыс оқыту.

ІX. Сұрақтарға жауап беру.
Өлең кім туралы? Тауып оқу. «Нәрлі» сөзіне жуықтас сөздер тапқызу. (құнарлы, қуатты)
Теңеу сөздерді табу. Өлең кімнің атынан баяндалған? Неше шумақ? Неше тармақ?
Ақынның негізгі ойы өлеңнің қай жолында берілген? Мағынасын түсіндір.
Х. І, ІІ, ІІІ топтық тапсырмалар беру.
І - топ
Ана туралы шығарма, өлең жазу. Буклеттер.
ІІІ – топ
Сауалнамалық тапсырмалар бердім.

Сын тұрғысына бағаланды. Мадақталды.
ХІ. Венн диаграммасы арқылы Күн мен Ананы салыстыру. Әр оқушы өзі келіп жазып тұрды.
● Күн
1. Өлі табиғат.
2. Жерді жылытады, шөп шығарады, қарды ерітеді.
3. Жарық береді.
● Ана
1. Тірі табиғат.
2. Адамды өмірге әкеледі
3. Баласын азамат етеді.
● Ұқсастығы
1. Жылу береді.
2. Барлық халық тағзым етеді
3. Тіршілік бастауы.

ХІІ. 1. Ақын сөздерінің мағынасын түсіндіру. Ананы ренжітетін, қартайтатын қандай жағдайлар? Оған сенің көзқарасың?
- нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту, ұрлық жасау, өтірік айту, т. б.
2. Н. Назарбаевтың 2030ж. дей. Бағдарламасынан үзінділер айту.
8 – нақты тапсырмасында: Салауатты өмір салтын қалыптастыру керектігін, (апталыққа байланысты).
Оқуға, білім алуға, спортпен шұғылдануға шақырған болатын.

ХІІІ. Қорыту.
ХІV. Бағалау.
Жетістігім: Оқушылар толық қатынасты.
«Ана - ардақты есім» буклетін жасап әкелді. Өлең шығарып, шағын әңгіме құрастырды.
9 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Қызылорда облысы, Тасбөгет №11 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рашова Лиза Темирбековна
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×