Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос жұлдыз

20 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақтың қос батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова жайлы тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы: Қос жұлдыз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, сурет

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс деген сөздер естіп жүреміз. Бүгін осы сөздердің мағыналарына тереңірек үңілеміз.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

1 - оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.

2 - оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса, көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Соғыс басталысымен барлық ер - азаматтар Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата - аналары қалып жатты.
(Слайд көрсетіліп тұрады.)

5 - оқушы. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5 миллион адамға жетті.

6 - оқушы. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

7 - оқушы. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

8 - оқушы: Тарихи деректерге қарағанда 1942 - 1945ж 1млн. 196мың. 164 қазақ - стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры - атағын алды.

9 - оқушы: Атап айтсақ Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған батыр аталарымыз.

10 - оқушы: Осы қырғын соғыста ерлермен қатар елін қорғаған қос қазақтың батыр қызы болған. Ол Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова. Оларды біз қазақтың қос шынары, қос жұлдызы деп қатар атаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 834
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
Айналамен танысу. Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×