Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы - шағын қоғам

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану, экономика сабақтарын кіріктіру.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.
Сабақ мақсаты:
- Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам - бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
- Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу.
- Отбасы қоры, отбасы және экономика ұғымдарының сабақтастығын көрсету.
- Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету.
- Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы - шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
- Сыныпты өзін - өзі тану пәнінің элементтері арқылы сабаққа педагогикалық, психологиялық тұрғыда ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: Сабақ - интеграция: өзін - өзі тану, дүниетану, сурет, экономика.
Сабақтың технологиясы:
- Сабақ құрылысы өзін - өзі тану пәнінің технологиясы бойынша өтіледі.
- Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы бойынша ұсынған тәсілдерін пайдалану.

Сабақтың барысы.
Жаңа сабақ.
1. Шаттық шеңберін құру.
Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!
- психологиялық дайындық.

2. Армандайық. Музыка.
- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.

Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?

3. Әңгімелесу.
Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым - қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам)
- Оның басшысы кімдер? (ата - ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға - іні, әпке - қарындас)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
- Қандай қоғам туралы болмақ?
- Отбасы - шағын қоғам?
Тақтаға: Отбасы - шағын қоғам деген сөз ілінеді4. Тыңдайық, ойлайық. Әр оқушыға
А) (1 - 2 - 3 сыныптағы білімдеріне сүйену.)
Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б - ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым:
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------
- Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен. Ал енді балалар, бізде бесік жырын айтып біраз сергіп алайық.

Ә) Сергіту сәті. Бөпешім.
Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Б) Мен және қоғам. Топқа бөлініп отырады. Топтың жетекшісі болады.
1 - абзацты оқыту:
- Күбірлеп оқу.
- Дауыстап оқу.
№1 Шығармашылық жұмыс. Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.

Мысалы: Қоғам деген не?
- Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
- отбасың - Ұстазың
- мектеп достарың

№2 Жеке жұмыс. Әр оқушы бағаланады.
Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1. Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері ------------
4. Менің алар орным -------------
- әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.

№3 Отбасы және экономика.
Отбасының қорын экономика сабағында алған білімдеріне сүйене отырып, жасау. Топпен жұмыс. Мына кестені толтыру.
Отбасы қоры - бюджетті құрамыз.
Әке -------
Ана ----------
Әже --------
Ата ------------
Студент - аға ----------
Студент - әпке --------------
Барлығы отбасы бюджеті ---------- тг
Мына сөздерді дұрыс орналастыр: стипендия - 5000тг, еңбек ақы - 25000тг, зейнетақы - 10000тг.
Осы сөздерді дұрыс орналастырып отбасы бюджетін құрау, есептеу. барлығы - 80000тг
- Отбасының күн көріс табысы екенін пысықтап өтеміз.
2 - абзацты оқу
- іштен оқу.
Отбасы дәстүрі. Тәрбиелік кезең. Халық педагогикасы. Ұжымдық жұмыс. Тақтада әр оқушы өз жауабын жазады.
- Қандай мерекелер тойланады?
1. Шілдехана
2. Бесік тойы
3. Туған күн
4. Үйлену тойы
5. Мектеп бітіру тойы
- Отбасы мүшелері бір - біріне көмектеседі. Қалай?
1. Ақшалай
2. Ақылмен
3. Тәрбие береді
4. Сыйлайды.

5. Қорытынды:
А) Жанпейісова тәсілі бойынша кестені толтыру:
Ой тұжырымды дәлелдеу.
Ой тұжырым Иә \ Жоқ
+/-
1. Қоғам - адамды қоршаған орта +
2. Отбасының басшысы болмайды.-
3. Мен - отбасы мүшесімін.+
4. Отан - қоғам +
5. Туыстар - қоғам мүшесі. +
6. Қоғамның белгілі ортасы, аймағы болады. +
7. Бюджет - отбасы қоры. +
8. Отбасының мерекелері болмайды. -
9. Үй - отбасының тұрағы.+
10. Отбасы - тәрбие көзі. +

6. Бағалау
7. Үй жұмысы. Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым сурет салу.
9 739
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы ұғымын тереңірек түсіндіру арқылы әке - шеше, бауырларының қадірін білгізу. 2. Жаңа мағынаны танып білуімен қатар «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашу, ойларын жеткізе білу қабілетін дамыту.
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×