Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие сағаты «Айналайын - анашым»

06 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты 3 сынып
Тақырыбы: «Айналайын - анашым»
Мақсаты: Балаларды анаға деген суйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата ана алдындағы парыздары мен қарыздары жайлы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтіліетін бөлмені мерекеге лайық безендіру, «Ана өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер.

Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада,
Анаңды Меккеге көтеріп апарсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың,
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар! Сіздерді келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сіздердің алдарыңызға 3 «Г» сынып оқушыларының «Айналайын Анашым» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Ана, ана, ана не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиеті бар махаббаты мен шапағатын аштырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Айналайын – Анашым» атты тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1 - оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген байтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Ана деген асыл жандар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
2 - оқушы: Ана десем сезім білер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
3 - оқушы: Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
Ән: Құттықтаймын мама туған күніңмен! Хор.
Жүргізуші: Мама бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі бәзді елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
4 - оқушы:
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады.
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ол ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.
5 - оқушы:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

6 - оқушы:
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын.
7 - оқушы:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратын күлдіретін
Сендегі маған деген махаббаты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
8 - оқушы:
Бар ана туған елдің гүлі дер едім,
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлеңмен тең.
Би: Вальс.
Жүргізуші: Әрбір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді.
9 - оқушы:
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған,
Осынау дөңгеленген дүниеде,
Жан ана кім бар сендей қымбат маған.
10 - оқушы:
А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой,
Б дегенің бала ғой
Жұмсаса анаң бара ғой.
Үнді биі. Орындайтын: Аружан
11 - оқушы:
Бас қосты бүгін жиынға,
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының саулығы.
12 - оқушы:
Жер бетінде тіршіліктің ең асылы сен ғана,
Мейіріммен, қуанышқа, шапағатқа бөленген.
Ардақтымсың, аяулымсың, қамқоршымсың жана ана.
13 - оқушы:
Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мейірдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парыз ы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту жоқ.
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.
13 991
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Менің анашым
Менің анашым
Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аябаева Санбибі
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×