Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балапан торғай

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Балапан торғай»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әңгімені түсініп оқуға үйрету, мағынасын ашу, әңгімедегі ойды анықтау, танымдық белсенділігін арттыру.
2. Дамытушылық: Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту, оқушылардың зейінін, сөздік қорларын дамыту, оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, татулыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: білімін жетілдіру
Қолданылатын әдіс – тәсілдері: пікір алмасу, өз ойларын ортаға салу, түсіндіру, тыңдай білу, сурет салу, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, ойын, топтастыру, салыстыру.
Көрнекі құралдар: Үнтаспаға жазылған құстардың сөзі, құстардың бұл өмірде келтіретін пайдасы туралы кіріспесі, сызбалар, плакаттағы жұмбақтар, құстарға байланысты мақал – мәтелдер, жорамалдар, сөздік жұмысы.
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Үш топқа бөлу
1топ: «Бұлбұл»
2 топ: Қарлығаш
3 топ: Қыран
2. Сәттілік тілеу.
Жылы сөздер ойыны

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп оқу, І – ші шумақты жаттап алу, Наурыз туралы әңгімелеу, Наурыз мерекесіне арнап бата құрастыру тапсырмасы берілген. Сиқырлы сандықтан әр топқа тапсырма беріледі.
1 – топ:
1) Наурыз көжені қалай пісіреді?
2) Уыз қай уақытта болады?
2 – топ:
1) Наурыз мерекесіндегі адамдардың көңіл күйі туралы не айтылған?
2) «Ақ түйенің қарны жарылды» дегенді қалай түсінесің?
3 – топ:
1) Наурыз мерекесін тағы қандай елдер тойлайды?
2) Наурыз қай елдің сөзі?

Жарыстың екінші тапсырмасы:
«Наурыз батасы»
Үш топ өздері құрастырып келген баталарын ортаға салады. Жарыстың үшінші тапсырмасы. Мақал – мәтелдер сайысы. Мұғалім әр топтың сайысқа қатысқаны үшін ұпайларын қойып отырады.
Қызығушылығын ояту.
Бұдыр – бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты
Ұқсатып
Үй салды жабыққа
(торғай)

ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін сабақта Бердібек Соқпақбаевтың «Балапан торғай» әңгімесімен танысамыз.
Бердібек Соқпақбаев Алматы облысы Нарынкөл ауданының Қостөбе ауылында дүниеге келген. Оның «Тұңғыш бұлақ», «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион» тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Мағынаны ажырату.
1) Үнтаспадан құстардың әдемі дауыстары естіледі. Оқушылар тыңдап, бір қиялға кетіп, өздеріне үлкен әсер алады.
2) Оқулықпен жұмыс
Мұғалім әңгіменің басын оқиды, қалған бөлімдерді оқушылар өздері жалғастырады.

Сөздік жұмыс
Селт етті – шошыды.
Өкпесі өшті - шаршады, әлсіреді
Хәлі – күші
Әккі – қу айлакер

Сергіту сәті.
Топтық жұмыс: (дәптермен жұмыс)
Әр топқа мейірімділікке, сүйіспеншілікке байланысты 2 - 3 мақалдан жаздырту, оны оқытқызу.
Өткен жұмыстар бойынша әр топқа ұпайларын беріп қою. Әр топ Жантас пен Қожаға мінездеме береді, оның айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін толтырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Етікші (ертегі)
Етікші (ертегі)
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Букенбаева Маликеш Хасеновна
Балапан мен мысық
Балапан мен мысық
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп Жумагалиева Роза Матжановна
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы Құстар - қанатты достар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×