Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзен және көл

28 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: Өзен және көл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзен мен көл туралы дүниетанымын, танымдық қабілетін, өзен
мен көлдерді пайдалану және сақтау жайында пікір, сенім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, өзен мен көл суларын
ластамауға, қорғау туралы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, жұмбақтар, тірек - сызбалар
Түрі: Жаңа білімді игерту
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу, сынып тазалығы
ә/ оқушыларды түгелдеу
б/ Оқушыларды 2 топқа бөлу
в/ оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Психологиялық дайындық
Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен өзенсің, сен ормансың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған – деп сабағымызды бастайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жер асты сулары / түсінік /
1. Жер асты сулары қалай пайда болады? Жерасты сулары дегеніміз жердің терең қабатында су бар. Адамдар артезиан құдығын немесе қолдан жерді 3 - 4 метрге дейін қазып құдық жасайды. Одан алынған суды ішуге, шаруашылыққа пайдаланады.
2. Адам өміріне шипалы сулардың маңызы қандай?
3. Тұщы су қайда кездеседі? Өзенде
4. Жер бетінің қанша бөлігі су қабатында және қаншасы құрлықта? Су қабаты - 3/2, құрлықта – 3/1 бөлігі

ІУ. Ой қозғау «Адасқан бұлттар» ойыны
Келеді алыстан
Ашулы арыстан. (Өзен)
3*6 = 18
5*5 = 25
2 - 1 = 1

Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна. (көл)
4*6 = 24
6*5= 30
7*4 = 28

Оқушылардан «Адасқан бұлттар» ойыны арқылы жұмбақ және математиканы байланыстырып берілген таблицаны сұрап сабақты ашып алу
У. Жаңа сабақ
- Жарайсыңдар балалар біз бүгінгі сабақтың тақырыбын таблицаны және жақын арада туған күн иелерін бар екенін біліп бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өзен және көл» деп бастаймын.
- Балалар Өзен дегеніміз – өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға; олар екіге бөлінеді. Жазық жердегі өзендер, Таулы жердегі өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады.

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана жүзе алады. Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді. Тұщы судың бір көзі өзен. Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өзендерде стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен - бұлақтар мен су көздері қосылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 582
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін мектеп - интернаты КММ география пәні мұғалімі: Тулендина Эльвира Нукербековна
Солтүстік Американың ішкі сулары
Солтүстік Американың ішкі сулары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гулбаршын
Жер асты сулары
Жер асты сулары
Сабақтың мақсаты: 1. Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Қазақстанның өзендері
Қазақстанның өзендері
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×