Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шегіртке мен құмырсқа

03 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаттары: 1. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу.
2. Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, еңбек ете білуге баулу.
3. Оқушылардың көркем сөзді салиқалы ойды өз сөздік қорына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эстетикалық тағылымын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А. Құнанбаев, И. В. Крыловтың суреттері, қыс суреті, бейнетаспа, слайд
Әдісі: Ой қозғау, венн диаграммасы, топтастыру,
бейнетаспа, сах налау, өлеңнен үзінді, екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
«Бір - бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз»
«Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5 - ке қолды жеткізу»
- Сабақта бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Елемес Салықовтың Күзгі орманның көріністері. «Саңырауқұлақ жинау» ойынымен бастау Әр саңырауқұлақтың астында сұрақтар жазылады. 1.” Күзгі орманның көріністері ”
1. мәтінінде не туралы айтылған?
2. Күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?.
3. Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеңдер?

III. Ой қозғау (Суретпен жұмыс)
«Ұлы тұлға»
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!

Крылов Иван Андреевич туралы түсінік беру, өмірбаянымен таныстыру
3. Қызығушылықты ояту.
«Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмінен үзінді көрсету

IV. Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.

V.. Мысал - кейіпкерлері адам емес аң, жан - жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа - күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиғаны, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарма.

VI. Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.

VII. Оқулықпен жұмыс ( Топпен жұмыс)
1 - топ
Абай ата туралы не білеміз, қандай шығармаларын оқыдық?
2 - топ
Мысал туралы не білесіңдер?
Мысал туралы түсінік бер.
3 - топ
Табиғат туралы өлеңін айт

VIII. Сергіту сәті
IX Мағынаны тану.
- Біздің ойымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.
(Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
Білемін -- Білмеймін +- мен үшін жаңалық?- мені таң қалдырды

Мысалды оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.

X. Ойға шабуыл.
Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
Шегіртке: Қанаты бар, ұшады, секіреді, зиянды, кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланады.
Құмырсқа: Кішкентай, пайдалы, емдік қасиеті бар, түрлері көп, еңбекқор.
Ұқсастығы: Тірі табиғат, жәндіктер, бунақденелілер.

XI. Шығармашылық тапсырма.
1 - топ: жаз мезгіліндегі шегіртке
2 - топ: қыс мезгіліндегі шегіртке
3 - топ: Сен құмырсқаның орнында болсаң, не істер едің?

XIII. Сахналау ( Рөлге бөліп ойнау)
XIV. Қорытындылау
- Өмірде іс - әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
- Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің?

XV. Үйге тапсырма.
- Мысалды рөлге бөліп оқу
- Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетін сипаттайтын мақал - мәтел жазу.
- Суреттерін салу

Бағалау. Мадақтау
Сабаққа: Өте жақсы қатысқан топқа «Жарайсыңдар»
Жақсы қатысқан топқа «Құттықтаймыз»
Орташа деңгейдегі топқа «Әлі де талаптан»
23 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
Абай Құнанбаевтың аударма өлеңімен таныстыру. Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Абай Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×