Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім керек бәріне

09 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Білім керек бәріне.
(3 - сыныптарға арналған білім марафоны)
Мақсаты: 1) Оқушылардың білім - білік, таным мүмкіндіктерін анықтау, ізденуге үйрету.
2) Ой - өрісін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа жетелеу.
3) Өзіндік жұмыс істеуге үйрете отырып, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, ойын, өлең - ұйқас, тест.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
1) Топтарын анықтау.
2) Топтарын қорғау.
3) Орналастыру.

ІІ. Білім керек бәріне (марафон)
1. Ойлы болсаң озып көр. (сұрақ - жауап).
1 - топ: 1) Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынұлы)
2) Мән - жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды. Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі - беріден соң жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды. Қай мәтіннен үзінді?(Машқар Гумеров «Күмән»)
3) «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы кім? (Ш. Құдайбердіұлы)
4) Тал түсте екі көжекке
Екі көрші кеп қалды.
Бәрі отырып бақшада
Екіден сәбіз жеп алды.
Есептен көрші сен сонда,
Сәбізді қанша барлығы
Олар түсте жеп алды? (8)
5) Фигураның периметрін қалай табады? (Қабырғаларының ұзындықтарының қосындысына тең).
2 - топ: 1) Қара күштің атасы, балуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
2) «Бұл - өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей - ақ қояйын» қандай шығармадан үзінді? «Егінші мен қасқыр» литва ертегісі.
3) «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
4) Өткізген тырна сабаққа,
Қатысты жеті сауысқан.
Үшеуі ғана олардың,
Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан,
Қатысқан осы сабаққа? (4)
5) Фигураның ауданын қалай табады? (Ұзындығы мен енін көбейтеді)
3 - топ: 1) Қазақ жеріне алғаш мектеп салған кім? (Ы. Алтынсарин)
2) «Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те келіп өт» деп өз күнделігіне жазған кім? (Қайрат Рысқұлбеков) Коммунар Табей «Ол ақын болар ма еді?»
3). «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім? ( Абай)
4) Шегірткелер он жеті,
Бірлесіп хорға ән салған.
Жетеуі оның кенеттен,
Айырылды дауыстан.
Есептеңдер енді біз
Естиміз неше дауысты? (10)
5). Фигураның көлемін қалай табады? (Ұзындығы, ені, биіктігін көбейтеді).

2. Сөз тапқанға.
(Дөңгелек, кемпірқосақ, саңырауқұлақ сөздерінен сөз шығару).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы. Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау. Білім, білік, дағдыларын тексеру. Есеп шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып Қазақ тілі 3 - сынып
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
Әліппенің атасы
Әліппенің атасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×