Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнерінен сайыс

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бейнелеу өнері (4 сынып)
Оқушылардың танымдық – шығармашылық белсенділігі бейнелеу өнері сабағында байқалады. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбеттілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс - әрекетті талап етсе, екінші жағынан көркемділік бағыт - бейнелеу өнері сабағында ашылады.

Сабақтың тақырыбы: өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларды бейнелеу өнерінің әр түрімен таныстыру, туған жердің әсем көркемдігін шығармашылық жолмен көрсету, ұлағатты суретшілер туралы білгендерін ортаға салу.
2) Өнерге деген қызығушылығын арттыру, ойлау белсенділіктерін дамыту, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру.
3) Табиғатты сүюге, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, өздік жұмыс, РАФТ, сұрақ – жауап,
Көрнекілігі: Түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қарындаштың суреті бейнеленген, ақ қағаз, қазақ халқының атақты суретшілері, интерактивті тақта, магнитофон, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
1. Психологиялық көңіл – күйлерін реттеу. ( Мұғалім оқушылар мен бірге айтуда) Мен күнді көремін,
Күн мені көреді.
Мен аспанды көремін,
Аспан мені көреді.
Мен жұлдызды көремін,
Жұлдыз мені көреді.
Мен сіздерді көремін,
Сіздер мені көресіздер.
Мен сені көремін,
Сен мені көресің.
Бірінші оқушы ортаға шығып:
- Ал, мен, сендерді көремін.
Сол оқушы үнтаспа арқылы ән айтады;

Ақ ниетпен қарсы алып,
О, жүрегім лүпілдеп.
Атқан таңдай қуандым,
Қыран құсымдай билеп.
Тамылжып жасыл, даланың үні.

Түрлі – түсті қарындаш,
Әр суретті салады.
Ғажайып қарындаш,
Жетеледі арманға.

Ертеңгі күн ертегідей,
Құлпырып шыға келер.
Ертеңгі күн өмірде,
Сәуле жыл нұр берер.

II – Мағынаны тану. (топқа бөлу)
1. Сұрақ – жауап
- Қалай ойлайсыңдар бейнелеу өнері сабағында көбінесе қандай құралды пайдаланамыз? ( қарындаш)
- Кімге қарындаш керек және не үшін?
(оқушыға, суретшіге, архитекторға, дизайнерге...)
- Оқушы қарындаштың суретін көрсету.

Бірінші слайд
Ал сендердің қарындаштарың қандай маманды қалайды екен.
2. Сурет салу.
Әр қарындаш өз мамандығын сәйкес суретін салады.
Ортаға ұшқыш қарындашты, дүкенші қарындашты, дизайнер қарындашты, шақырамыз. (әр топтан бір оқушы өз суретін сипаттайды).

Балалардың суретіне қарап
Дүкенші қарындаш, дизайнер қарындаш, ұшқыш қарындаш осы балалардың болашағына не істер едің? (өз ойларымен бөлісуде).

3. Музыка ойнайды.
Қарындаштың киген оқушы би билеп ортаға шығады!
- Сәлеметсіз бе, Ұстаздар, құрбы – достар!
Қарындаш деген оқушымын,
Орындайтын әрқашан.
Саған берген қымбат сыйлықты, ( топқа сурет тарату)
Таба алмайсың ешқашан.

4. Үй жұмысын тексеру
Екінші слайд
I топ II топ III топ
Пейзаждарды жинайды Натюрморт жинайды Портрет жинайды

Әр топқа сұрақ
I - топ. Пейзаж деген не?
II - топ. Натюрморт деген не?
III - топ. Портрет деген не?

5. Топтастыру жұмыс ( 3 слайд)
I - топ
1). Мүсінші немен шұғылданады?
2). Мультфильм суретшілерін қалай атайды?
II - топ
1). Коллаж деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
2). Монотопия деген не нәрсе, суретші?
III - топ
1). Зергер немен шұғылданады?
2). Дизайншы – қандай суретші?

- Осыны бәрін бейнелеген кім? (Суретші)
- Қазақ халқының суретшілерін атаңдар. ( интерактивті тақтада көрсетілу)

6. Сергіту сәті
Мұғалім допты оқушыға лақтырып, алма деген сөзді айтады, оқушы оны қағып алып қызыл деп түсін айтады. Ойын осылайша күн, шөп, мысық, өзен, ағаш т. б сөздерімен жалғастырыла береді.

7. Ассоцияция құру ( III топқа тапсырма)
интерактивті тақтада

8. Шығармашылық тапсырма
Ойын «Өлеңді билет»; Өлеңді оқып, бояудың түстерін атау
I - топ
Көк аспанды күн күлсін,
Бірге күлсін білдірсін...
II) Сүйемін алтын күнді де,
Сүйемін аппақ қарды да....

III) Айдыны тербеп әні мен.
Ай да аппақ, таң да, қар да аппақ,
Ақ бояу көк ау бәрінен.
Осы бояулар нені бейнелеген? ( туған жердің табиғаты)

9. Мұғалімнің сөзі:
- Әнге әуез, күйге құмар бала жаны сұлу өмірге ғашық болып өсуі – деп Мұхтар Әуезов жай айтпаған.

Үнтаспа (күй «Саржайлау»)
Осы күйді тыңдай отырып, жайқала өскен көк шөптерді, гүлді, даланы, сылдырап аққан бұлақтың үнін естігендер де, табиғаттың көркемділігін бейнелеңдер (сурет салады)
Суретінің мазмұнын сөзбен жеткізу.

Ш – Ой толғаныс
1. Әр топқа 5 жолды өлең құрастыру «Қарындаш»
- Ал, сендерге ғажайып қарындаш ұнады ма? (Ғажайып қарындаштың балалармен қоштасуы).
- Ұнаса, мен онда басқа сыныптарға қонаққа барайын, сау болыңыздар достарым. Менің сендерге ең қымбатты сыйлығым бар. Бұл не? ( қарындаш)

Қарындаштарды тарату
IV - Бағалау.
V – Үй жұмысы. Бояулар туралы ертегі құрастыру.
6 003
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×