Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүшелер

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Мақсаты: Тұрлаулы мүшелерді еске түсіре отырып, тұрлаусыз мүшелері туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі, әдіс - тәсілдері: Жаңа сабақ, АКТ, жұптық - топтық жұмыстар, диалог, оза оқыту технологиясы
Көрнекіліктер: АКТ, суреттер, оқулық, топшамалар, сызбалар, стикерлер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу.
Шаттық шеңбер.
Алақанды ашайық,
жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп достарға,
біз сабақты бастайық.

1. Топқа бөліну - оқушыларға үш түрлі конфеттер ұсынамын.
1 топ - Марс тобы
2 - топ - Сникерс тобы
3 - топ - Баунти тобы.
2. Орындарына жайғасу, топ басшысын сайлау.
3. Топта жұмыс ережелерін еске алу.

3. Топта жұмыс ережелерін еске алу.
1. Бірін - бірі тыңдау
2. Басқаның сөзін бөлмеу, тыңдау.
3. Топ басшыны тыңдау, айтқанын орындау.
4. Бірлесіп жұмыс істеу.

Балалар, сендердің алдарыңда конверттер жатыр. Онда жасыл, сары және қызыл жетондар жатыр. Осы жетондар арқылы біз өзімізді бағалаймыз;
1. Жасыл түс - мен тапсырманы орындадым, өзіме ризамын.
2. Сары түс - мен тапсырманы орындағанда біраз қиналдым, өзіме ризамын.
3. Қызыл түс - тапсырма күрделі сияқты, маған көмек қажет.

Дәптерді ашып, күн ретін жазайық.
Көркем жазу минуты.
Балалар енді тақтаға назар аударайық. Кестеде нелер жазылған?
Қай әріп қайталанады? Ж әрпі.
Ж дыбысы туралы не айта аламыз? Ол дауыссыз, ұяң дыбыс.
Ендеше дәптерге Жж әрпін жазамыз.
Ал енді мына жұлдыздардан сөз құрап жіберейік. (Жеңіс...)
Келесі жолға жеңіс сөзін жазамыз.
Әр топқа тапсырма:
1 - топ - жеңіс сөзіне дыбыстық талдау.
2 - топ - жеңіс сөзімен сөйлем құрау.
3 - топ - жеңіс сөзіне мағынасы жуық сөз таңдау.
Жеңіс - бейбітшілік, бақыт, қуаныш, шаттық.

Жеңіс күні қай күн? Биыл Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. Осыған орай, біз апталық өткіздік. Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік көрсеткен батырларды атаңдаршы. Енді сол батырлардың атын жазайық.
Сөздік диктант: Бауыржан, Қойгелді, Мәншүк, Әлия, Рақымжан, Талғат, Төлеген.
Бұл сөздерді жазғанда қай ережені ескереміз? ( бас әріппен жазылатын сөздер).

4. Жаңа тақырып:
Интерактивті тақтада сөз тіркесі беріледі
- әріптер орындарына қойып оқы.
Йөсмел шемүріле - Сөйлем мүшелері.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?
- Бастауыш деген не?
- Баяндауыш деген не?
Тақтаға назар аудару: Қар жауды.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
Мына сөйлемдердің ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар ма?
- Екі сөйлем де қар туралы айтылып, оның жауғанын хабарлайды. (жетон)
- Қар жауды. сөйлемінің құрамын анықтайық. Бұл сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Олар сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- Екінші сөйлемде тұрлаулы мүшелерден басқа сөздер бар - оларды сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.
- Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.

Бекіту.
Тақтада мәтін. «Үкі»
Мәтін екенін дәлелдеңдер. Не байқадыңдар? Қай сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден құралған?
Қай сөйлемде тұрлаусыз мүшелер бар? Оларды атаңдаршы.

Сергіту сәті.
Топпен жұмыс. 15 минут.
Әр топқа сөйлемдер беріледі.
Жадыра келді. Су ақты. Қыс келді. Оқушы жазды. Ұшақ қонды. Гүл өсті.
Тұрлаусыз мүшелерін қосып, сөйлемдерді толықтыр.
1 топ - 67 жаттығуды оқып орындайды.
2 - топ - 70 жаттығуды орындайды.
3 - топ - 71 жаттығу орындайды
Топтар өз жұмыстарын қорғайды. ( топ шығады)
Ал енді жетондарды санаймыз. Әр топ жасыл жетондарының сандарын айтады.
Жетістік баспалдағын сызу.
Қорытындылау. Суретпен жұмыс. Бағалау.
12 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сөйлем мүшелерін қайталау
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×