Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелерін қайталау

14 қазан 2012, Жексенбі
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы
Петропавл қаласындағы
№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, кубизм стратегиясы, жаттығу жұмысы, кеспемен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: кеспе қағаздар, текше,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту.
3. «Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6. Зерттеңіз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтал.

ІІ. Мағынаны ажырату.
4. Әр топқа талдауға сөйлемдер беру.
І топқа талдауға сөйлемдер.
Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Екеуі қайтадан қарадырға бет қойды. Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек.
ІІ топқа талдауға сөйлемдер.
Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
ІІІ топқа талдауға сөйлемдер.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Арық атқа қамшы ауыр. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

5. «Сұрақ-жауап». Сынақ өткізу.
(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)
4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. –ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері. (иә)
7. –ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)
11. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш. (жоқ)
12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (жоқ)
13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)
14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (жоқ)
15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді. (иә)
6. Жаттығу жұмысы.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаны қойып көшір.
Ол күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. Бес жердегі бес жиырма бес. Қуаты ақындық, үміті халық. Бұл Бәкен. Үлкен үйден дәм татып кету борыш. Шетінен көшіріп жатқаны кішкене молда жіберген «Татьяна хаты». Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.

ІІІ. Ой толғаныс.
7. Тірек сөздерді пайдаланып, шағын эссе-мәтін жазу.
Мәтінде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдалану.
І топ. «Ұстаз» ІІ топ. «Ана» ІІІ топ. «Отан»

8. Үйге тапсырма: Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау.
9. Оқушылар білімін бағалау.
40 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты.
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Оқушылардың жай сөйлемнің қайсысына қарай бөліну түрлері бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×