Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің мысығым

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: оқушылардың, байланыстырып сөйлем дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздену, ойлау, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, ойыншықтар

Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы: - Амандасу.
Лексикалық жаттығу:
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қай сабақ?
- Біз қайда тұрамыз?
- Біз қай мектепте оқимыз?

Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманы тексеремін.
Сабаққа кіріспе:
- Балалар, өткен сабақта біз сендермен бірінші рет шығарма жаздық. Мен сендердің шығармаларыңды тексердім. Сендердің барлықтарың сөйлемнің құрылымын сақтамағансыңдар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі орнықты. Қазақ тілінде етістік сөйлемнің соңында жазылады.
Өткен сабақта қандай тақырыпта шығарма жазған едік. Шығармада көбінесе қазақ тіліне тән дыбыстардан қате кеткен екен. Бүгін жұмыс жасап, орынын толтыруға тырысамыз.
- Балалар біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Өткен сабақта қандай тақырыпта шығарма жаздық?
- Мынау не?
- Ал мынау ше?

Ал бүгінгі тақырыбымыз: Менің мысығым
Сөздік жұмысы: Жаңа сөздерді оқып, солармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрамыз.
Ол - он, она
Тышқан – мышь
Ойнайды – играет
Тамақ жейді – ест, кушает
Ұйықтайды - спит

Мәтін жұмысы: 1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.
Ал енді мына мәтінді біраз кеңейтіп өз мәтінімізді құрап көрейік.
Маржанның.... бар. Оның аты –..... Митя – ақылды..... Ол тамақ...., ойнайды, көп.... Мен мысығымды жақсы.....
( Митя, мысығы, ұйықтайды, мысық, көремін, ішеді)
Ал енді балалар жаттығу жұмысын орындайық.

Сергіту сәті:
1. Мен бойымды тік ұстап,
2. Таянамын бүйірді.
3. Бір, екі, үш, төрт,
4. Бір, екі, үш, төрт.
5. Аяқты алға қоямын,
6. Жұдырықты түйемін.
7. Бес, алты, жеті,
8. Бес, алты, жеті.
9. Екі қолды көтеріп,
10. Мен шапалақ ұрамын.
11. Сегіз, тоғыз, он.
12. Сегіз, тоғыз, он.
13. Ал партаға қон.

Жаттығу жұмысы: 4 - тапсырма. Сөйлемдерде оқып, жаз.
Саматтың кішкентай күшігі бар. Оның аты -..... Әлияның үлкен мысығы бар. Оның аты -.... Самат күшігін, Әлия мысығын жақсы көреді.
Баспалдақ: Балалар қазір біз жеңілден күрделіге тапсырмасына қарайық. Кітабымыздың 53 бетіндегі 6 – тапсырмаға қарайық.
1. Мысық
2. Кішкентай мысық
3. Менің кішкентай мысығым
4. Менің кішкентай мысығым бар.
Енді сендер өздерің осыған сүйене отырып өз баспалдақтарыңды құрап көріңдер.

Сөзжұмбақ: 7 - тапсырмадағы сөзжұмбақты шешеміз.

Бекіту: - Балалар қандай үй жануарларын білеміз?
- Мынау не?
- Сиырдың төлі қалай аталады?
- Жылқының төлі қалай аталады?
Сабақты қорыту: - Бүгінге сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Не түсіндік?
- Не түсініксіз болды?
Бағалау: Балаларды бағалаймын.
Үйге: жаңылтпаш жаттау
5 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Сөздердің грамматикалық байланысы (күнделікті сабақ жоспары)
Сөздердің грамматикалық байланысы (күнделікті сабақ жоспары)
Сөздер ойды білдіру үшін бір - бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір - бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
«Дүкенде» Жемістер
«Дүкенде» Жемістер
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Байқоңыр қаласы, А. Құнанбаев атындағы №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асатуллаева Кунзипа Кудайбергеновна
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×