Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларында өз бетімен оқуды және өзін өзі реттеуді дамыту

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып оқушыларында өз бетімен оқуды және өзін өзі реттеуді дамыту
Заманауи тәсілдің негізгі айырмашылығы оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. ХХІ ғасырда талап етіліп отырған дағдылардың мәні де осында.

Мұғалімдер «біреудің өмірін аялап, өз уақытын аямай», баланың оқуын барынша даралап, оның бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастырып, тұлға ретінде дамытуға икемділік танытулары тиіс. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 4 бет) «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана мектептегі оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Бұл жерде ең біріншіден көрсеткіш емес, меңгеру басты маңызды болып тұр. «Меңгеру көрсеткішке қарсы» деген теориясы бар екенін білеміз. Бізде көбіне көрсеткіш маңызды болып келді, ал бұл жерде маңыздысы – меңгеру және сол алған білімді болашақта пайдалана алу, яғни сындарлы оқыту. «Білім алуды үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» деп индивидтің қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілеті айтылады.

Әдетте мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушылар кездеседі. Бұл жағдай оқушының мұғалімге тәуелділігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек қажет етеді. Метатану әдістерін игерген оқушылар білім беру мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүдесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің функциясын өздері атқаратындай жағдайға жетеді. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерді оқу үдерісін өнімді қылу үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге уақыт бөледі.

Бұл тақырыпты таңдау себебім, біріншіден, замануи зерттеулердің нәтижелері. Вайбредтің анықтауы бойынша, үш жастағы балаларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екен. Бөбек болса да, өздерін оқушы ретінде сезініп, білім алуына ұқыптылықпен саналы түрде қарайды, тапсырманы орындауда өзіндік әдіс – тәсілдерді қолданады екен. Мысалы, үш жастағы балаға ермексаз алып берсек, ол теледидардан, интернеттен қарап өзі машина немесе басқа бір затты жасайды. Бір таңғалдыратын жағдай машинаның дәл құрылысын, атауын айтуы және өзі пайдаланған түстерді атап беруі. Сонда ол бала өз мүмкіндігін біліп, үйдегі адамдардың көмегінсіз ақпарат көзін тауып, көрген – естігенді өз мақсатына пайдаланып отыр. Ал неге менің төртінші сынып оқушыларым осындай болмасқа деген ой келді.

Екіншіден, сол ой туындаған соң оқушылардың өз бетінше іздену деңгейінің төмендігін оқу үдерісін өзгерткен де ғана өз бетімен оқуды дамыта аламын деп ойладым. Негізі, үйде оқушы үй тапсырмасына толыққанды дайындалмайды. Өйткені, ата - ананың көбісі баласының оқуына қажетті жағдай жасамайды, бірақ теледидир барлық бағдарламасымен, компьютер, интернет, агент, ұялы телефондармен қамтамасыз еткенмен оларды жөнімен пайдалануды мақсат етпейді. Сонда менің түсінігім бойынша, мектептегі материалдық жағдай оқушылардың үйдегі жағдайымен де сәйкес емес. Сондықтан мен мектептегі іс - әрекеттегі зерттеуімнің ең бастысы оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуін қалыптастыру болғандықтан, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін үйрету мақсатында өзімнің жетекшілік етіп жүрген төртінші сыныбымның оқушыларымен зерттеу жұмысын бастадым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Портфолио
Портфолио
Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №119 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аймуратова Замзегуль Аптихалыковна
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×