Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар айтысы (үнді ертегісі)

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (3 сынып)

Тақырыбы «Құстар айтысы» (үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен байланыстыру арқылы талдап, негіз жасайды.
Өз ойларын айта алады, дәлелдейді. Шығармашылық, деңгейлік тапсырмаларды орындап өз біліктілігін арттырады.
Шығармашылық дағдыларын дамытады.
Ертегінің мазмұнын талдай отырып, ынтымақ, бірлікке достық қарым - қатынасқа тәрбиеленеді.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.

Ойымызды айтайық,
Сабағымызды бастайық.
Мына тұрған қонақтар
Қалсын бір сәт марқайып.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,
Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.
Ана тілді қастерлесек, қадірлеп,
Болашақта самғай ұшып кетеміз.

Сабақтағы жұмыс ережесі
1. Топтағы оқушылар бәрі бірге жұмыс жасайды.
2. Топта бір оқушы жауапты, яғни басшы болады.
3. Тапсырманы бірге талдап, өз ойларымен бөліседі.
4. Талдау уақытында тәртіпті сақтау керек.
5. Тапсырманы дәл берілген уақытта аяқтау қажет.
6. Топ мүшелері кезекпен жауап береді.

Оқулықпен жұмыс:
Мағынаны тану
а/ Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
ә/ Ертегі талдау.
1 топ: «Құсбегі» сөзін түсіндір.
2 топ: Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
3 топ: Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
4 - топ: Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
5 топ: Құс аулаушы торды не істеді?

Шығармашылық тапсырмалар:
1 - топ: Ертегідегі қарғаға қысқаша сипаттама бер.
2 - топ: Торғайға қысқаша сипаттама бер.
3 - топ: Ертегідегі көгершінге қысқаша сипаттама бер.
4 - топ: Аталған құстардың біреуіне өлең құрастыр.
5 - топ: Құсбегіге қандай кеңес айтар едің?.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 689
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Ынтымақ жайлы ертегінің қай бөлігінде жазылған соны тауып, делелдеп түсіндіресіңдер. Құсбегінің әрекеті ертегінің қай бөлігінде жазылған, соны тауып түсіндіріп бересіңдер.
9 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
Сабатың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н. С.
Құстар айтысы
Құстар айтысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз
Зат есім
Зат есім
Қазақ тілі (3 - сынып) Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
Құстар айтысы
Құстар айтысы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Алия Аккалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×