Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

02 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің түрлерін еске түсіре отырып, ертегінің негізгі идеясын ашу;
Сабақтың міндеттері: 1. Ертегіні толық түсіну;
2. Ертегіні бөліктерге бөліп, талдау;
3. Ертегінің негізгі мазмұнын толық ашу;
Табыс критерийлері:
1. Ертегі және оның түрлерін біледі.
2. Ертегіні түсініп оқиды.
3. Мақал - мәтелдің мағынасын түсінеді.
4. Мақал - мәтелге байланысты ортақ тақырып қояды.
5. Ертегінің мазмұнын талдай алады.
6. Жақсы - жаман қасиеттерді ажыратады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: топтастыру, жұптық, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
- Балалар, мен сендерді ортаға шеңбер құруға шақырамын. Сендер атомдар мен молекулалар боласыңдар.
- Ортаға бірінші шыққан жұптар топқа барып отырады.
- Екі атомнан тұратын молекулалар
- Үш атомнан тұратын молекулалар
- Алты атомнан тұратын молекулалар
- Екі атомнан тұратын молекулалар
- Үш атомнан тұратын молекулалар
- Екі атомнан тұратын молекулалар
- Бір атомнан тұратын молекулалар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» деген өлеңін мәнерлеп
оқу.
Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқыту.
Жұппен жұмыс
1. «Достық өлкесінің өлеңінің авторы кім?
2. Өлеңде бала досын қайда апарды?
3. Досы нағашысының үйіне барып не істеді?
4. Баланың әжесі қандай?
5. Әже көзәйнектің сынғанын көріп не істеді?
6. Баланың әжесі ұрысқаннан кейін балаға қандай ой келді?
7. Көзәйнекті баланың досы сындырғанын әжесі қайдан білді?
8. Әже ашуланып не істеді?
9. Баланың нағашысы қандай ақыл айтты?
10. Өлеңнің соңғы жолында не жазылған?
11. Осы өлеңнен қандай ой түйдің?
12. Осы өлеңдегі баланың әрекеті дұрыс па?
13. Дос туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1. Төмендегі мақал - мәтелдерді оқыту.
1. Қатты жерде қақ тұрар,
Ынтымақты елде бақ тұрар.
2. Ынтымақ - елдің ырысы.
3. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақ кетсе, өкініші бітпес.
4. Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.
- Балалар, осы мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіріп жіберейік.
- Осы мақал - мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едіңдер?
Сол тақырып кірпіштің де атауы болсын.
- Сендердің қойған ортақ тақырыптарың бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты ме екен. Оны сабақ өту барысында көреміз.
- Ендеше біз бүгін құстар жайлы жазылған үнді елінің «Құстар айтысы» деген ертегісімен танысамыз.
Ертегімен таныспас бұрын біз алдымен сабағымызға мақсат қойып алайықшы:
1. Ертегінің түрлерін білуіміз керек.
2. Неге бұл ертегі «Құстар айтысы» деп аталғанын түсінуіміз керек.
3. Құстар не себепті айтысқанын білеміз.
4. Бұл ертегінің қай ертегіге жататынын білуіміз керек.
5. Ертегінің мазмұнын толық түсінуіміз керек.
Олай болса балалар сабағымызға қойған мақсаттарға жету үшін бір - бірімізді тыңдап, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс жасайық.
1. Мәтінді тыңдату. (диктофон)
2. Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқушыларға оқыту.
- Балалар мен сендерді төрт топқа бөліп қойдым. Ертегінің мазмұнын түсіну үшін біз бүгінгі сабақта топпен жұмыс жүргіземіз. Топпен жұмыс жүргізбес бұрын топ ережесімен танысып алайық.

1-тапсырма: топпен жұмыс: әр топ ертегіден
1 топ: Ынтымақ жайлы ертегінің қай бөлігінде жазылған соны тауып, делелдеп түсіндіресіңдер.
2 топ: Құсбегінің әрекеті ертегінің қай бөлігінде жазылған, соны тауып түсіндіріп бересіңдер.
3 - топ: Ертегіде алауыздық туралы айтылған бөлік болса тауып, оқып дәлелдейсіңдер.
4 - топ: Құстардың жазаға тартылуы
Топтар бір - бірін тыңдап отырып бағалап отырады.

2-тапсырма: екі жақты бір күнделік топқа беру
Ертегідегі құстардың атын жазып екінші жағына құстардың әрекетін бір - ақ сөзбен жазу керек.
Қарғалар жанжалдасты
Көгершіндер мақтанды, ашуланды
Торғайлар ұрсысты
Барлық құстар торға қамалды.

3-тапсырма:
Ертегінің мазмұны бойынша әр топ екі сұрақтан жазып, келесі топқа береді.
1. «Құстар айтысы» ертегісі қай елдің ертегісі?
2. Құсбегі торды қайда құрады?
3. Торға қандай құстар келіп түседі? ІІ топ
4. Тордан босанудың жолын іздеген құстар не істейді?
5. Құстар қандай шешімге келеді? ІІІ топ
6. Құстар тормен ұшқан кезде құсбегі не істейді?
7. Жанжалды қай құстар бастайды? 4 - топ
8. Ертегінің соңында құс аулаушы құстарды не істеді?
Әр тапсырма сайын бағалап отыру.
Бұқар жыраудың термесін оқыту: Жалғасын табу.
Бір дегеніңіз -
Бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенім -...
Үш дегенім -..
10 слайд Сабақты қорыту: - Балалар, осы ертегіден өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар алауыздық өте жаман қасиетке жаман қасиетке
жатады екен. Керісінше бір - біріңмен тату болып, ынтымақта жүру керек.
- Біз құстар сияқты айтыспай, жанжалдаспай керісінше осы сабақтағыдай бірігіп, ынтымақта жұмыс жасай отырып, әр топ бір - бір өрмекшінің торын құрдық.
- Жалпы өрмекші деген жәндіктің өзінде екі қасиеті бар екен:
- Біріншіден кез - келген затты үйлестіреді, екіншіден кез - келген затты біріктіретін қасиеті бар екен.
- Адамдар арасында бірлік болу үшін адамдардың бойында қандай қасиет болу керек?
- Достық қарым - қатынас болу керек. Достық болған жерде бірлік болады.
- Осы бірліктің арқасында біздің еліміз, яғни Отанымыз 30 елдің қатарына еніп, бүгінгі күнде «Мәңгілік елге»айналып отыр.

Бағалау: топ басшыларына бағалату.
Рефлексия.
Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, мазмұнын айту.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
"Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы
№11орта мектебі" КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Әлия Алиханқызы
5 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бес ешкі
Бес ешкі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойын түсіну. Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы
Бес ешкі
Бес ешкі
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын, негізгі ойын түсіну. Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Сөздік қорын, логикалық ойын, актерлық қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
1 - сабақ: Атом құрамы мен құрылысы 2 - сабақ: Изотоптар
Сақина ертегісі
Сақина ертегісі
Ертегінің негізгі идеясын өзбеттерінше ұғынуға жол ашу. Ой - өрістерін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы көркем сөйлеу тілдерін дамыту. Адами қасиеттерді бойына жинау, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×