Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқырап атқан алтын күн

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жарқырап атқан алтын күн
Сабақтың мақсаты:
а/ «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан жастардың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту. «Желтоқсан көтерілісі» туралы, Қ. Рысқұлбеков туралы бейнетаспа қарау.
ә/ Топтық жұмыс жүргізу арқылы балаларды ұйымшылдыққа, Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
б/ Балалардың ауызекі көркем сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сөздік, көрнекілік, жинақтау, топтық.
Сабақ көрнекілігі: бүктемелер, сюжеттік сурет, сызбалар, тест жұмысы, бейнеклип, үнтаспа, интер тақта.

Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру.
Кіріспе.
Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі.
Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір аңызбен түсіндіру мүмкін емес. Міне, біз бүгін тәрбие сағатымызды «Желтоқсан оқиғасына» байланысты толғап, тәуелсіздікке өз үлесімізді қоспақпыз.
- Мемлекеттік Әнұранды орындау.
- Сабағымыздың тақырыбы: «Жарқырап атқан алтын күн».
Бүгінгі сабағымызда топтарға бөліне жұмыс жасаймыз. Бірақ жарыс түрінде емес, бір - бірімізге ой бөлісу мақсатында деп ойлаңыздар.
І топ. «Білімділер» тобы.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін».
ІІ топ. « Ізденістер» тобы.
Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын.
ІІІ топ. «Ойшылдар».
Бірлік бар жерде, тірлік бар.
Сабағымыз негізінен үш бөлімнен тұрады.
І бөлім.
Жастар көтерілісі. Қанды желтоқсан.
ІІ бөлім
Желтоқсанның құрбандары.
ІІІ бөлім.
Тәуелсіздік таңы атты!

І бөлім.
- Осы кезде Қазақстан КСРО - ның құрамына 15 Одақтас Республика кірді. Қазақ мектептері күн санап азая берді. Талай жыл елді басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың орнына орыс азаматы Колбин сайланды. Қазақ азаматтары - жас қыздар мен жігіттер ашуланып, шыдай алмай көтеріліске шықты.

Оқушы: - Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға Алатау мінді кәрі айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Оқушы: - Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес, салтанатты,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Оқушы: - Алаңға қатыспағандар да жұмысқа кетіп, жұмыстан қайтып бара жатқан қазақ жастары да жазаланды. Желтоқсан оқиғасы тек Алматыда ғана емес, митингілер мен шерулер үлкен қалаларды да қамтыды.
Оқушы: - Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның 17 - сі, Топ. Алаң.
Тоғышардың түсіне де кірмеген,
Басталды бір сұмдық у - шу, зобалаң.
Тапсырма: І топ. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
ІІ топ. Неліктен жастар қозғалысы деп аталды? Кімдер қатысты.
ІІІ топ. Қозғалыс немен аяқталды?

ІІ бөлім. Желтоқсанның құрбандары....
- Осы желтоқсанның аязына қарамастан, көтерілісте елі үшін үзілген жауқазындар, құрбандарынан кімдерді білесіңдер?
- Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанқызы, Ләззат Асанова, т. б.
- «Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Барады кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн!

- Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира,
Құрбаны болған жаланың.!
- 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып, алаңға шыққандардың арасында Ләззат Асанова да бар еді. Чайковский атындағы музыка училищесінің 2 – курс студенті, қаршадай қыз қараулықтың құрбанына айналды.
- 10 жыл болды мен жатырмын,
Ақжайықтың түбінде
Мені өлтірген танкист жігіт
Тірімісің бүгінде?
- Өзін - өзі өлтірді деген Ләззат Асанова мен Сәбира Мұханмеджанқызы сияқты он екі де бір гүлі ашылмаған жауқазындарымыз батыр апалары Әлия мен Мәншүктей құрметтелсін!
Көрініс: «Түрмеде»
- Қайрат Семей түрмесінде 21 – ші камерада, 21 жасында 1988 жылы қайтыс болды. 1992 жылы қайтадан ақталып шықты. / 1 минут үнсіздік/
Ой қозғау. Аға – апаларымның ерлігі.
Қайрат Рысқұлбеков туралы бейнеклип.
Сергіту сәті «Қисынды ойлау» ойыны.
І. топ
Дәптер сурет дәптері
Қалам өшіргіш, қарындаш, майлы бояу, суретші.
ІІ топ:
Мектеп оқу орны, мекеме, ағай. апай, директор, ұстаз,
Білім беру оқушы, сабақ. т. б.
ІІІ топ: қыс музыка, сырғанақ, су, қар, өзен,
коньки хоккей, бала т. б.

«Сыйлықтың иесін тап» ойыны.
/ сәйкестендіру тесті бойынша/ суретшіге көмек.
ІІІ - бөлім Тәуелсіздік таңы атты!
тапсырма
І – топ. Қ. Рысқұлбековтың өлеңдерінен үзінді оқу.
ІІ – топ. «Тәуелсіздік жолында» тақырыбына өлеңдер құрау.
ІІІ – топ. Ерлік, батырлық тақырыбына мақал - мәтелдер жазу, айту.

- 1992 жылы 17 желтоқсанда сол жастар алаңына ескерткіш - тақта қойылды. 17 – желтоқсан «демократиялық жаңару күні» деп жарияланды. Қазір өзіміздің Президентіміз, Ел рәміздеріміз бар. Тәуелсіз мемлекетпіз!
Сарыарқа төсіндегі - Астана!
(Белгілі жерлердің суреттерін көрсету)
Санаңды сынай біл!
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.?
а/ қазақ тілі ә/ араб тілі. б/ орыс тілі
2. Жаңа Әнұран қай кезде шырқалды?
а/ 1993 ж. 15 қараша. ә/ 1991 ж. 16 желтоқсан. б/ 2006 ж. 11 қаңтар.
3. Қазақстан Республикасының теңгесі (ақшасы) қашан енгізілді?
а/ 1993ж. 15 қараша. ә/ 2003ж. 25 қазан. б/ 1991ж. 16 желтоқсан.
4. Ел рәміздерін ата.
а/ теңге, ту. ә/ Ту, Елтаңба, Әнұран. б/ тілі. Діні
5. Жаңа Әнұранның сөзін жазған кімдер?
а/ Ж. Нәжімединов, ә/ Ж. Дәрібаева, б/ Ш. Қалдаяқов,
Н. Назарбаев. М. Төлебаев. Л. Хамиди.
6. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі қашан жарияланды?
а/ 1986ж. желтоқсан. ә/ 1991ж. 16 желтоқсан. б/ 1996ж. 16 желтоқсан.
ән. «Алға, қазақ жігіттері» оқушылар.

Қорытынды.
Желтоқсан - жастық, қазбалап тегін, сұрама
Жанартау тектес, атылмай бір күн тұра ма?
Осылай халқым, созылған тура үш ғасыр,
Ойналып бітті драма!
4 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Оқушыларды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бой аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз патриотты, рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×