Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов Қолғабыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға М. Төрежановтың « Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін жеткізе білуге үйретіп, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: оқушының байланыстырып сөйлеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шалғы, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А. Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.

Ә. Үй тапсырмасын сұрау (Оқушыларды топқа бөлу
«Сурет салғым келмейді» мәтінінің мазмұны сұралады. Мәтінді үш бөлікке бөліп, мазмұнын әңгімелеу.
І топ Жер - ана туралы мақал,
ІІ топ суретші туралы,
ІІІ топ Ана портретін салу.
Б. Үй тапсырмасын пысықтау
Ашық сұрақтар:
- Ержанның басынан биыл жазда қандай оқиға өтті деп ойлайсыңдар?(Болжау стратегиясы)
- Салауат ағайдың сұрағына не деп жауап берер едің?
- Қандай қазақтың суретшілерін білесіз?

ІІ. Тұсау кесер
Мәтіннің мазмұнын ашатын тақырыптық сурет. ІІІ. Жаңа сабақ
А. Мағынаны ашу. Автор туралы мағлұмат
Төрежанов Мәдіхат (1921 - 1996) 30 - сәуірде Ақмола облысы Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. 1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Бітпеген ойын», « Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек» атты прозалық кітаптардың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен бірнеше рет марапатталған.

Ә. Оқулықпен жұмыс.
«Тақия тастау»ойыны арқылы оқушылар мәтінді бөлікке бөліп оқиды.
Б. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Бидайық - көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік

Сергіту сәті
Әр топқа тапсырма беру.
І топқа І сөзжұмбақты шешу
ІІ топқа ІІ сөзжұмбақты шешу
ІІІ топқа Көктомарда Арғынның немен айналысқанын санамалап айтып бер.
Тоқымқағар деген - баланың бірінші рет алыс сапарға шыққанда өткізетін шарасы.
І топ Арғын мен атасының арасындағы диалог сөзді тауып оқу. Диалог деген не?
ІІ топ Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқу.
ІІІ топ Әңгімедегі мақалды тауып оқу.

ІV. Қорытындылау
А. Рефлексия. Ашық сұрақтар:
- Бүгін не білдік?
- Тоқымқағар деген не?
- М. Төрежанов туралы не білдіңдер?
- Қолғабыс деген не?
- Олай болса, балалар, үнемі үлкендерге көмектесіп, үлкендерді құрметтейік.
Ә. Бағалау.
Б. Үйге тапсырма: М. Төрежановтың «Қолғабыс» мәтінін мазмұндау, автор туралы мәлімет жинақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
М. Төрежанов «Алғыс»
М. Төрежанов «Алғыс»
Әдебиеттік оқу 3 сынып Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов «Алғыс»
Қолғабыс М. Төрежанов
Қолғабыс М. Төрежанов
Тоқым қағу. Баланың «бәсіре»етіп ен салған құлыны да арқалы ат болып шыға келеді. Бала осы бәсіремен бірінші рет алыстау сапарға шыққанда әке - шеше баласының тоқым қағарын өткізеді.
Қолғабыс М. Төрежанов
Қолғабыс М. Төрежанов
Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт - дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×