Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көжек (ертегі)

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Көжек (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Көжек» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, қызығушылығын ояту, ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, қорғауға, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнектілігі: мақал - мәтел, таудың, жануарлардың суреттері.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушыларды сабаққа дайындау.
2) Психологиялық дайындық:
Ана тілі – өлеңімнің бастауы,
Ана тілі – өмірімнің асқары.
Ана тілі – Абай тілі, ұлы тіл,
Намысты бол қазағымның жастары.
3) Сыныпты 3 топқа бөлу:

2. Үй тапсырмасын сұрау:
Иса Байзақов
«Алтай аясында» өлеңі
Өлеңді мәнерлетіп оқыту.
Өлең мазмұнын сұрау.
Картамен жұмыс
І топ: Алтайдың табиғаты.
ІІ топ: Алтай тауындағы жануарлар.
ІІІ топ: Алтай тауынан өндірілетін кендер.

3. Үй тапсырмасын бекіту:
- Иса Байзақов кім?
( Байзақов Иса - қазақтың халық ақыны, әнші, домбырашы, сазгер)
- Қазақстандағы тағы қандай тауларды білесіңдер?
(Алатау, Қаратау, Тянь - Шань)
- Тау туралы ақындарымыздың жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Алтай тауында қандай жануарлар бар екен?
( Бұғы, марал, киік, аю, қабылан, құлан, елік, ешкі, қасқыр, түлкі )

4. Жаңа сабақ:
«Көжек» ертегісі
1) - Балалар енді жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
( Шешуі: қоян)
- Балалар қоянның баласын не деп атаймыз?
- Көжек.
- Бүгін біз « Көжек» ертегісін өтеміз.
2) - Ертегі дегеніміз не?
- Ертегі – халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
- Ертегінің неше түрі бар?
Ертегінің 3 түрі бар:
1. Жануарлар туралы ертегі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Қиял - ғажаып ертегісі
- Ертегілер қалай басталады?
- Ерте, ерте, ертеде немесе баяғы өткен заманда деп басталады.
- Ертегілер қалай аяқталады?
- Мұратына жетіпті.
3 ) Қоян туралы түсінік беру.
Қояндар – сүтқоректі. Оның 50 түрі бар. Салмағы 1 – 4, 5 кг. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Көжектердің көзі соқыр, терісі жалаңаш, өзі әлсіз болады.

5) Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді 3 бөлікке бөліп, топта оқуға беру.
І топ: Шаруаның көжекті тауып алуы.
ІІ топ: Көжектің қашып кетуі.
ІІІ топ: Туған жеріне оралуы.
Мәтінді топпен оқу.
Жұпта талқылау.
Ойларын бөлісу.
Сөздікпен жұмыс:
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
5. Тапсырмаларды орындау:
І топ:
- Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
ІІ топ:-
- Көжек неге қашып кетті? Көжек қандай шешімге тоқтады?
ІІІ топ:
- Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?

6. Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

7. Дәптермен жұмыс:
- Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін! – депді.
- Көжектің айтқан сөзіне әр оқушы өз ойын жазады.
«Автор орындығына» отырып оқиды.

8. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары:
І топ:
«Туған жердің ыстығы – ай» – топтастырады.
ІІ топ:
Туған жер туралы өлең құрастыру:
(Төмендегі шумақтар арқылы өлең құрастыру)
-------------------- жер,
-------------------- жер.
--------------------
-------------------- жер.
ІІІ топ:
Мақал – мәтелдің жалғасын табу:
Отан оттан да... (ыстық)
Отансыз адам -... (ормансыз бұлбұл)
Туған жердің күні де ыстық,........ (түні де ыстық)
Туған жердей ел болмас,
............................. (Туған елдей ел болмас)
Туған жердің... ( қадірін )
Шетте жүрсең... ( білерсің )

Тағы да қандай мақал - мәтел білесіңдер?

9. Сабақты қорыту:
- Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
- Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
« Туған жер « туралы өлең тыңдату.
- Өздерің туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

10. Үйге тапсырма:
Ертегіні оқу.
Ертегі мазмұнына сай сурет салу.
11. Оқушылардың білімін бағалау.
19 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Көжек ертегісі
Көжек ертегісі
Көжек ертегісінің мазмұнын ашып, негізгі ойды анықтай білу.
Ертегі Көжек
Ертегі Көжек
Ертегі идеясын түсіну. Қоянға сипаттама беруді үйрену.
Көжек (ертегі)
Көжек (ертегі)
Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу. Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр - түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т. б.
Көжек
Көжек
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі» Балешова Шынар
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×