Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары. Ит – Мысық – Тышқан

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: « Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Ағылшын тілі

Domestic animals. Dog – Cat - Mouse
М а қ с а т ы:
Білімділік: Балаларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, айтылуын, дыбысталуын үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілін, ойлау қабілетін және тыңдап түсіну қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Берілген сұрақтарға жауап беруге және жануарларды жақсы көруге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жануарлар суреті, ойыншық жануарлар
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойнау, мадақтау, қорытындылау
Ашық оқу іс – әрекетінің барысы:
Тәрбиеші балалармен амандасады.
І. Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңберін құру.
Тәрбиешінің іс – әрекеті:
Балалар, менің қолымда әдемі, сары түсті дөңгелек бар. Қазір мен оны ағылшынша бір сөз айтып тақтаға ілемін. «Shoes»

Балалардың іс – әрекеті:
Әр бала бір сөз айтып жолақшаларды дөңгелектің айналасына іледі.

Тәрбиешінің іс – әрекеті:
Қараңдаршы балалар, сендердің білетін сөздеріңнен шуағын төккен күн пайда болды.

ІІ. Іздену – ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс – әрекеті:
Балалар, біз бүгінгі сабағымызды ертегімен бастаймыз. Мұқият тыңдаңдар!
Ит пен мысық неге араз?
(Халық ертегісі)
Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.
Күндердің күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан – таянғаны ішіп – жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой – қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.

Ит пен мысық ұнжырғасы түсіп, үнсіз келе жатқанда, кенет қожасының май сіңген дорбасының иісі жарып жібере жаздайды. Қуанғаннан ит қыңсылап, мысық мияулап жібереді.
Ит айнала жүгіріп, тіміскілеп, ақыры бір тышқанның інін тырналап қаза бастайды. Мысықтың қуанышы қойнына сыймай, аңдып отыра береді. Ит көп азаптанып, іннің түбіне жетсе, алтын салынған майлы дорбаны тышқан тығып қойған екен.
Ит: - Мынаны көрдің бе? – деп, алтынды мысықтың алдына лақтырып тастайды. Мысық сол кезде иесіне жақсы атанбақ болып, иттен бұрын алтынды ала қашады. Мысық үй – үйдің төбесімен қарғи жүгіріп, иесіне жетеді де, алтынды тастай салады. Мұны көріп, қожасы қуанып кетеді. Мысықты бауырына басып, аймалай береді. Сөйтіп тұрғанда қара терге түсіп, сабалақ – сабалақ болып, арсалаңдап ит те жетеді. Келген бойда қожасының аяғына оралып, қыңсылай еркелейді. Ештеңені түсінбеген ол итін теуіп, жекіріп қуып тастайды. Жәбір көрген ит ызаланып, мысыққа тап береді. Қожасы арашалап, екеуін зорға айырып алады да, мысықты үйіне алып кетеді. Сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды.
Мінеки содан бері ит пен мысық араз болып қалыпты. Мысықтың тышқанға өштесуі де сол күннен басталыпты.

Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Ал, онда ертегідегі кейіпкерлерді атаңдаршы.
Балалардың іс – әрекеті:
Балалар ертегіні тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ертегідегі кейіпкерлер – ит, мысық, тышқан.

Тәрбиешінің іс – әрекеті:
Дұрыс балалар, енді ертегідегі кейіпкерлердің аттарын біз ағылшын тілінде айтып үйренеміз.
ит – dog
мысық – cat
тышқан - mouse
Балалардың іс – әрекеті:
Жаңа сөздердің айтылуы мен дыбысталуын үйренеді. Тәрбиешінің айтқанын тыңдап, сөздерді қайталайды.

Сергіту сәті:
Stand up! -------- Ал, қанеки тұрайық,
Hands up! --------- Жоғарыға, төменге,
Hands down! -------- Қолымызды созайық.
Sit down! -------------- Орнымызға отырайық.

ІІІ. Рефлексті коррекциялаушы.
Тәрбиешінің іс – әрекеті:
Балалар, «Допты қағып ал» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталаймыз және ертегіні еске түсіріп, кейіпкерлердің атын ағылшынша атаймыз.

Балалардың іс – әрекеті:
Ойын арқылы жаңа сөздерді қайталайды.
Dog, cat, mouse.

Тәрбиеші балаларды мадақтап, ашық оқу іс – әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: жаңа сөздердің айтылуы мен дыбысталуын
Болуы керек: Ертегі мазмұны туралы түсінігі болуы керек.
Ағылшын тіліне қызығушылықтары болуы керек.
Баланың қолынан келуі керек: Қойылған сұрақтарға жауап бере алу.
11 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Domestic Animals. Үй жануарлары
Domestic Animals. Үй жануарлары
Өскемен қаласы, «№100 Балабақша - бөбекжайы» КМҚК Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Темірхан Ақгүл
Мен және менің отбасым
Мен және менің отбасым
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×