Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дамыту

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Тіл дамыту
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға 12 жылдық білім беру негізінде, инновациялық технологияларды қолдана отырып, қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс қолдануға, жалпы сөз туралы ұғымдарын кеңейтуге бағдар беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, жүйелі сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жыл мезгілдері құбылыстарының өзгерісін ажырата отырып, табиғатты сүюге, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, «ЗЕРЕК» интерактивті қаламы, суреттер.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, Т - кестесі, конверт - сұрақ, көркем жазу минуты.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану.

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту
а) Сәлемдесу
Балалардың назарын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындық
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Елбасының жолдауын есте сақтап,
Мәңгілік ел болудан біз қашпаймыз.

Балалар далаға зер салып қарайықшы, қазір қандай мезгіл?

- Олай болса бүгінгі сабағымызды «Жыл мезгілдері» деген ертегіден бастағалы отырмын.

Ерте ерте ертеде, атақты Жыл деген ақсақал болыпты. Оның төрт қызы болыпты. Үлкені Қыс тентек, ашулы қатал болыпты. Одан кішісі Көктемгүл көңілді, ашық мінезімен, асқан сұлулығымен көрінген. Одан кішісі Жазгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен шығыпты. Жүрген жері думан екен. Кенжесі Күз ерке болып өскендігі ме, мінезі сылбыр, көңілшек болыпты. Болмашы нәрсеге өкпелеп аузы бұртиып, көзінен жас кетпейді екен. Қолы ашық жомарт болыпты. Төртеуінің мінезі әртүрлі болғандықтан анасы оларды бөліп тастапты. Бөліп жібергендіктен күз алыс жолға аттанып кетіпті. Қазір күз өтіп кеткен еді. Себебі қазір қыс мезгілі. Одан кейін көктем, жаз келеді.
Сол себепті біз үш топқа бөліндік.

Үй тапсырмасын тексеру:
- балалар үйге не берілді?
- қане, кім оқып жібереді?

Оқушыларды топқа бөлу:
I - топ - Қыс
II - топ - Жаз
III - топ - Көктем

- Балалар, сендер әр топ жаз, қыс, көктем сөздеріне кластер құрып жіберіңдер.
Жаз, қыс, көктем сөзін естігенде ойларыңа не түседі?

Ендеше толық ақпаратты
«Зерек»- интерактивті қаламынан тыңдап көрелік.

Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу минуты
- Алдымызда қандай мейрам келе жатыр?
- жақсы.
Онда наурыз сөзін әдемілеп жазып жіберейік.
«Мюнстерберг»жаттығуы
- балалар сендерге көптеген әріптердің ортасында тұтас сөздер бар соларды тауып астын сызамыз.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопк
Карталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрв
Нбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалім

Т - КЕСТЕСІ жаттығуы
Әр топ өз топ атының пайдасы мен зияны жайлы кестені толтырады.

Сергіту сәті:

Суретпен жұмыс:
- Балалар енді мына берілген суреттер бойынша топпен шағын әңгіме құрайсыздар.

«Адасқан әріптер» жаттығуы
Төмендегі дыбыстардан сөз құра.
Ю, р, о, а, л
О, н, а, д, р, я, қ
Л, е, б, к, е, ө, к, л.
«Конверт - cұрақ» жаттығуы
1. Жалқы есім дегеніміз не?
Мысал келтір..
2. 2 - сурет сөйлем құра.
3. Суреттегі 5 - айырмашылықты табыңдар
Мақал сөздің мәйегі
- Кәне кім көп мақал біледі екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 053
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Present Simple
Present Simple
Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып жалпы осы шақты дұрыс қолдана білуге үйрету. Есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Алтын күз
Алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы
Кері есептер
Кері есептер
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№48 ЖОББ мектеп» ММ бастауыш сынып мұғалімі Аменова Панигуль Бекеновна Сабақтың тақырыбы: Кері есептер Сабақтың мақсаты: құрама есептерге кері есептер құрастыру тәсілімен таныстыру; Сабақтың міндеттері: •
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×